Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз

БИЛІК | 19 қаңтар 2017 ж. - 10:03 | Көрудің саны: 424
Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәрімізШиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев халық  алдындағы есепті кездесуін аптаның сейсенбі күні Керделі ауылдық округінен бастады. Ауылдағы учаскелік полиция инспекторы мен ауыл әкімінің хабарламасын тыңдаған соң аудан басшысы Шиелі ауданында өткен жылы атқарылған жұмыстарды әр сала бойынша талдап баяндап берді.
Жиынға облыстық индустрия-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ж.Еламанов пен аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық бөлім басшылары қатысты. 
– Алдымен әкім өткен жылға арналған аудан бюджетінің жыл басында 10 млрд 532 млн теңге көлемінде бекітіліп, бюджетті арттыру бағытындағы атқарылған жыл көлеміндегі жұмыстардың нәтижесінде несиелерді қоса есептегенде 14 млрд 948 млн теңгеге немесе 42 пайызға артқанын баса айтты. 
Табиғаты қолайлы, ішкі және сыртқы мүмкіншілігіне орай халқының бейнеткештігі арқасында үнемі алдыңғы сапта көрінетін аудан өткен жылы барлық көрсеткішін толымды табыстармен аяқтап, облыс чемпионы атанды. Аудандағы өнеркәсіп орындары 2016 жылдың 11 айында 24 млрд 40 млн теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 7 млрд 347 млн теңгеге жетіп, тиісті кезеңге 114,1 пайызға артты. Ал,  2017 жылдың 1 қаңтарына ауданда шағын кәсіпкерліктің 4265 субъектісі тіркеліп, оларда 7269 адам жұмыспен қамтылды. Осы деректерді келтірген Қайратбек Әубәкірұлы:
– Шиелі ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету мақсатында 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 15,1 млн теңге болатын 3 жобаның пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды, – деп атап көрсетті. 
Елбасының атқарушы органдарға қойып отырған міндетінің бірі – жергілікті өнеркәсіпті дамыту екендігі белгілі. Осы орайда шиеліліктердің ауыз толтырып айтарлық жетістікке жеткендігін айтқан жөн болар. Мысалы,  Қызылорда қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» облыстық көрме байқауына  Шиелі ауданынан 2 кәсіпорын қатысып, «Ең үздік өндіріс тауары» номинациясы бойынша «КНК Кемикал» ЖШС 1-орын, «Ең үздік халық тұтынатын тағам өндірісі» номинациясы бойынша жеке кәсіпкер С.Ермахановтың «Ару Ана» шұбаты 3-орынға ие болса, «Сауда үздігі» республикалық байқауында Шиелі ауданынан Ә.Шорабаевтың «Әбдіманап базары» ұсынылып, «Үздік базар» номинациясы бойынша 3-орынға ие болғандығы жоғарыдағы сөздің дәлелі болмақ. Бір сүйсінерлігі, жеке кәсіпкер Сабыр Ермахановтың «Ару Ана» шұбат цехының өнімдері облыста, ауданда үлкен сұранысқа ие болуда. Онда ғылыми негізде ізденісті жұмыстар жалғасын тауып келеді. 
Жоғарыда айтылғанындай, жергілікті әкімдердің есеп беруінің екінші күні аудан орталығының іргесіндегі Нартай Бекежанов атындағы ауылда соңғы жылдары бірқатар әлеуметтік нысандардың салынып, елдің игілікті пайдалануына қол жеткізгені сөз болды. Есепті кездесу барысында шығып сөйлеушілер мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлық барысына ризалығын білдірумен бірге өз ұсыныс-пікірлерін айтудан да іркілмеді. Ауыл әкімі Файзулла Ержан мен учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Ыбыраевтың қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқаруы нәтижесінде ауылда өткен жылы бір ғана қылмыс тіркелген. Шәймерден Алтынбеков өз ұсынысында, пошта үйі мен  медпункт, әкімшілік кеңсесін салуды айтса, Нұрман Әбілжанов М.Қалдыбаев атындағы көшеге интернет желісін тартуды және мал өткелі үшін көпір салуды еске салды. Ауыл тұрғыны Атабай Сыздықовты  аяқ су арықтарының тазалануы толғандырады екен. Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаева да өз сөзінде ауылдағы медициналық пункттің ғимараты туралы айтты. Ал, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдаберген Рақышев осыншама игіліктердің орындалуына белсене қызмет жасаған облыс басшысының атына алғыс сезімін білдірді. 
Сол күні Алғабас ауылында жалғасқан  жиын да жоғары ұйымшылдықпен өтті. Ауыл әкімі Әділбек Бегайдаровтың жылдық жұмысына жоғары баға берілумен қатар, учаскелік полиция инспекторы А. Кенжаевке мал ұрлығына қатысты 6 істі тез арада ашуға тапсырма берілді. Ауыл тұрғындары тарапынан берілген ұсыныс-пікірлер қолдау тапса, әкімшілік кеңсе ғимаратының салынуы туралы ұсыныс пен қоғамдық көліктің ауыл көшелерін аралауы туралы өтініш сол сәтте қанағаттандырылды. Ал, ардагер Орынбай Ахметов болса, өз пікірін түйіп: Көп шаруа тындырылды. Бұл елдің даму бағыты мен жолының айқындығы, – деп жұртшылықтың ортақ ойын жеткізді. 
Бестам, Телікөл ауылдарындағы есепті кездесулер де халық пен биліктің тығыз байланыста екендігіне дәлел бола алады.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Алты ауылдың ахуалы

Алты ауылдың ахуалы

Аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері Жалағаш ауданына қарасты Қаракеткен,...
Өнеркәсіпті өңірдегі өрелі істер

Өнеркәсіпті өңірдегі өрелі істер

Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Өңірлік  коммуникациялар орталығында...
ЖҮЙЕЛІ ІС ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ЖҮЙЕЛІ ІС ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Елбасы бастамасымен әкімдердің ел алдында есеп беруі қоғамдағы ашықтықтыңкөрінісі....
Шиелі ауданының даму тенденциясы артып келеді

Шиелі ауданының даму тенденциясы артып келеді

Шиелі ауданында соңғы 3 жылда 9 мектеп, 3 емхана, 2 ауылдық клуб пайдалануға...
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР  ЛАЙЫҚТЫ ОРЫНДАЛУДА

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЛАЙЫҚТЫ ОРЫНДАЛУДА

Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өзінің ауылдық округтердегі кездесуін...
Ауыл шаруашылығы өнімдернің көлемі артты

Ауыл шаруашылығы өнімдернің көлемі артты

Шиелі. Жыл басында Шиелі ауданының 2014 жылға арналған бюджеті 8 млрд. 718 млн....
Пікір: