АНА ЖАҚҰТЫ – БАЛА БАҚЫТЫ

ДӘУЛЕТ | 31 желтоқсан 2016 ж. - 16:31 | Көрудің саны: 218

АНА ЖАҚҰТЫ – БАЛА БАҚЫТЫДенсаулық сақтау саласы шоқтығы биік шаралармен үстем. Айталық, сырбойылықтар саулығын сақтауда және ана мен баланың жағдайын жақсартуда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өңірде бала туу көрсеткіші көтеріліп, табиғи өсім артуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 11 айында 17094 сәби дүниеге келіп, 21,4-ті құрады. Сонымен бірге, есепті мерзімде ана өлімі көрсеткіші 85,3 пайызға төмендеген.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қызылорда қаласында ашылған 200 төсектік көпсалалы облыстық балалар ауруханасы заманауи типтік ғимаратқа көшірілді.

Жалпы ауданы 25744 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құры­лысы 2014 жылдың тамызында басталды. Құрылыс жұмысының бас мердігері «Дәнекер» ЖШС. Жаңа ауруханада 11 бөлімше, 5 ота жасау блогы, 12 төсекке арналған реанимация және анес­те­зиология бөлімшесі, кеңес беру-диагностикалық бөлім орна­ласқан. Сондай-ақ, онкогемотология бөлімшесінің құра­мын­да қатерлі ісікке шалдыққан балаларды паллиативтік емдеуге арналған 5 төсектік бөлімше ашу жоспарланған. Кеңес беру-диагностикалық бөлімі заманауи УДЗ аппаратымен жаб­­дықталған. Оған қоса, сәулелі диагностика, КТ, МРТ аппа­раттары да жұмыс жасайды. 400-ге жуық қызметкері болса, соның 50-ден астамы жоғары білімді дәрігер.

Денсаулық сақтау саласындағы тағы бір маңызды оқиға – Байқоңыр қаласында облыстық медицина орталығы филиалының, яғни, қазақстандық медициналық ұйымның ашылуы.

Аталған аурухана Байқоңыр қаласы, Арал, Қазалы және Қар­мақшы аудандарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді.

Жалпы, облыстың денсаулық сақтау саласына қаралған қаржы соңғы үш жылда тоғыз млрд теңгеге өссе, ағымдағы жылдың өзінде оның бюджеті 32 млрд теңгені құраны. Бұл саланың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, мамандар біліктілігін арттыруға мол мүмкіндік беруде.

 

Айнұр БАТТАЛОВА.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Денсаулық саласы серпінді дамуда

Денсаулық саласы серпінді дамуда

Өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы...
Қызылордада балалар ауруханасы ашылды

Қызылордада балалар ауруханасы ашылды

Қызылордада 200 орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасының ашылуы өтті....
ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ АШЫЛДЫ

ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ АШЫЛДЫ

Кеше «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық...
ОРТАЛЫҚ  ТАЯУДА  ТОЛЫҚ  ІСКЕ  ҚОСЫЛАДЫ

ОРТАЛЫҚ ТАЯУДА ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы ірі әрі жаңа емдеу...
ХАЛЫҚ  ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАНАТТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАНАТТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

Баспасөз орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков...
Пікір: