БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАҒЫ ЖАНҒАН ЖЫЛДАР

ДӘУЛЕТ | 31 қаңтар 2017 ж. - 11:40 | Көрудің саны: 193
ТЕҢІЗДІ КҮТІП КЕМЕ ТҰР

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ  БАҒЫ ЖАНҒАН ЖЫЛДАР«Бекіренің бел кеспесін жемейтін басым, қойдың құйқалы етіне қор болдым-ау» делінетін аңыз-әңгіменің астарынан күнкөрісі балықпен байланысқан жұрттың бейнесі көрінетіндей. Нақтысы сол, өзен-көл жағалаған елдің қай заманда болмасын несібесі ортаймаған. 
Өткен ғасырдың еңсе түсірген оқиғалары елдің есінде. Толқыны тайдай тулаған айбынды Арал теңізі тартылып, үй алдына ау тас¬тап отырған ағайын тоқырау күндерін бастан кешірді. Көк теңізді тіршілікке тұтқа еткендердің көпшілігі туған жерден үдере көшіп, көрші аймақтан пана іздеді. Ал, кіндік қаны тамған топырақта қалғандар кешегіге де, келешегіне де сене алмай, әрі-сәрі күй кешті. Деректерге үңілсек, теңіздің деңгейі жоғары, су массасы мол болып тұрған қолайлы кезеңде жыл сайын 45-50 мың тоннадай балық ауланып отырған. Суды мекендейтін ондатра жануарын аулаудың өзі экономикалық дамуға септігін тигізетін-ді. Ақ көбік Аралды жағалай қоныстанған балық қабылдау бекеттері мен зауыттарды айтпағанда, портты қаланың өзінен-ақ балық өнеркәсібінің тамыры қалай бүлкілдеп жатқанын аңғаруға болатын еді. Ертегідей естілетін сол күндердің куәгері болып Арал қаласында қайырлап қалған кемелер тұр бүгінде. Жоқ, біз қателесеміз. Ол кемелер келе жатқан теңізін күтіп тұр десек, жарасар... Қазіргі таңда теңіз жағалауы Арал қаласына 17 шақырымға дейін жақындады.
Облыс әкімі Сыр өңірінің өткен күндеріне көз жібергенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдаған шешімін жиі тілге тиек етеді. Ол қандай шешім? Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қызылорда облысының болашағына қатысты Президенттің алдында екі шешім жобасы жатты. Біріншісі – облысты тарату, екін¬шісі – жергілікті халықты басқа аймақтарға кө¬шіру. Өйткені, Арал аймағының экологиялық ¬ахуалы  болашағы бұлыңғыр өңірді құтқарудың одан басқа жолы жоқтай көрінген. Бірақ, Елбасы Алаштың анасы атанған елді қиындықтан шығару үшін бұл шешімдерді қабылдамады. Қайткен күнде де қасиетті мекеннің болашағы үшін халқымен бірге күресуге, еңбектенуге бел буды. 
Арал теңізін құтқару жұмыстары 1990 жы묬дардың басында басталды. Теңізді сақтап қалу үшін Елбасының бастауымен Қызылорда қала¬сында бес мемлекет басшылары бас қосты, әлем назары Арал теңізіне бұрылды. Осылайша Арал өңірі проблемаларын кешенді түрде шешу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау” (САРАТС) бірегей жобасы іске асырылды. Бұл жоба халықаралық сарапшылар тарапынан "Ғасыр жобасы” деген атауға ие болды. Аталған жобаның бірінші бөлігін қаржыландыру үшін 85,79 млн АҚШ доллары бөлінген болатын, оның ішінде Дүниежүзілік банктің қарызы есебінен 64,5 млн және республикалық бюджеттен 21,29 млн теңге қаржы қаралды. Нәтижесінде Үлкен және Кіші Аралдың қосылған тұсында ұзындығы 13 шақырымды құрайтын «Көкарал» бөгеті са¬лы¬нып, Сырдария өзені арнасының ¬табаны тазар¬тылды. Сондай-ақ, онда бірнеше жаңа ги¬дртехникалық құрылғы орнатылды. Сырда¬рия өзенінен Сол¬түстік Арал теңізіне құйы¬¬латын судың көлемі көбейіп, өңірдегі көп¬те¬ген биологиялық түрлер қалпына келе бастады. Өз кезегінде, көлемі 20-30 мың гектардан асатын ондаған ірі көл қалпына келіп, балық шаруашылығының дамуына мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, теңізде бұрын жойылып кеткен балықтың 14 түрі қайта көрініс тапты.
Бұйыртса, САРАТС-тың екінші кезеңі қолға алынар күн жақын. Жобаның жалпы құны 23,2 млрд теңгені құрап отыр. Оның 85 пайызын Дүниежүзілік банк қаржыландырмақ. Қалған қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. 
Айтуға оңай, осынау ауқымды жобаның Арал теңізіндегі тіршілікті қалай жандандырғанын бүгінде әлем көріп отыр. Бәрінен бұрын өзен емес, көл емес, теңізді бөгеген еңбектің арқа¬сында ата кәсібімен қауышқан ағайынның несі¬бесін айтсаңызшы!

ҮШ ЖЫЛДАҒЫ ҮЛЕС 5 ЕСЕГЕ ӨСТІ

Қазіргі таңда, облыс бойынша балық шаруа¬шылығында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені мен есепке алынған 196 көл бар. Осы су айдындарынан ауланатын балық көлемі соңғы 3 жылда 1,16 мың тоннаға немесе 15 пайызға өсті. Өткен жылғы балық аулау лимиті 7,8 мың тоннаны құраған. Бұл орайда, Сыр еліндегі балық шаруашылығы толықтай Арал теңізімен байланысты деуге болады. Өйткені, жоғарыда айтып өткен 7,8 мың тонна лимиттің 7,1-і көк теңізге тиесілі. 
Рас, күн жылыда қайық мініп, қыс түсе мұз үстіне шығатын балықшылар қауымы бүгінгі жағдайға бірден жете қойған жоқ. Осыдан 3 жыл бұрын облыс әкімінің бастамасымен аймақтағы балық шаруашылығы саласында қордаланған өзекті мәселелерді шешу мақсатында балық шаруашылығын дамыту консорциумы құрылған болатын. Консорциум құрамына «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның Арал филиалы мен Арал, Қазалы аудандарының 19 балық аулау¬мен, өңдеумен айналысатын шаруашылықтары мүше болып кірді. 
Консорциумның құрылуы саланың дамуы¬на ерекше серпін берді. Айталық, арыз-шағым¬дардың шешілуіне, табиғат ¬пайдаланушылар ара-сында балық аулау квотасының әділетті бө¬¬лінуіне, Арал өңірі балықшылары слетін ұйы쬬¬дастыруға жағдай жасады. Облыстық дең¬гей¬де басталған маңызды шараны осы жылы ха¬лықаралық дәрежеде өткізу жоспарланып отыр. Демек – тағдырлы өңірдің, теңізімен қауышқан елдің төрінде бақ-береке орнағандығын әлем алдында паш етудің бір мүмкіндігі десек те, жарасады.
Үш жылдағы үлестің еншісіндегі жағымды жаңалықтарды жалғастырсақ... Осы уақыттары Арал ауданында балық қабылдайтын екі сер¬вистік-дайындау орталығы («Қарашалаң СДО», «Бөген СДО») мен Қазалы ауданында балық өңдейтін зауыт (жеке кәсіпкер «Игликов») салынды. Бүгінгі күні, облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты бар. Оларда 400-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

РЕСЕЙГЕ – ЗАУЫТ, ШЕТЕЛГЕ БАЛЫҚ

Жалпы, облыстың Еуроодақ елдеріне балық және балық өнімдерін шығарушы кәсіпорындар реестіріне 2 кәсіпорын, Еуразиялық экономи¬ка-лық одақ елдеріне өнім шығаратын кәсіп¬орындар реестіріне Арал ауданынан 5 кәсіпорын, Қазалы ауданынан 3 кәсіпорын енген. Осыдан-ақ, экспорттағы әлеуетіміздің қаншалықты екендігін бағамдауға болатын. Күннен күнге көкжиегін кеңейткен кәсіптің келешегі мұнан зор екендігіне ешкім шүбә келтіре алмайды. Тағы бір айта кететін дерек, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне өнімдерін шығару¬шы кәсіпорындар реестірінде облыс бойынша бар-жоғы 11 кәсіпорын болса, соның 8-і балық шаруашылығының үлесінде. Демек, әлемнің алпауыт елдеріне Сыр елі атағы балдай тәтті балығымен танылып отыр. Айта кетсек, зауыттарда негізгі өңделетін өнім түрлері – балық филесі, кептірілген, тұздалған және қатырылған балық. Өткен жылы барлығы 3604 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылған, соның ішінде Ресей Федерациясына – 2192, Данияға – 453, Польшаға – 259, Әзірбайжанға – 420 және Грузияға 280 тонна. Жоғарыдағы мәліметтерді қорытындылап айтсақ, соңғы 3 жылда балық өнімдерінің экспорты 5 есеге өсті. 
Бұл орайда Елбасының бастамасымен құрыл¬ған Еуразиялық экономикалық одақтың кәсіп¬керлерге жасап отырған мүмкіндігін ерек¬ше атап өтуге тиіспіз. Өйткені, аталған ұйым арқасында жерлестеріміз көршілес мемлекеттердің кәсіп¬кер¬лерімен  кедергісіз байланыстар орнатып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзе¬ге асыруға қол жеткізді. Мәселен, Қазалы ау¬данының кәсіпкері Аманбай Ерхатов ресейлік әріптестерімен бірлесіп, «Димитровград балық өлкесі» балық өңдеу зауытын ашты. Балық ша¬руашылығының бағын жандырар тың бастамалар дегенде Елбасының тапсырмасына сәйкес қабылданатын «Қазақстан Рес¬публикасының агро¬өнеркәсіптік кешенін да¬мы¬тудың 2017-2021 жылдарға арналған мем¬лекеттік бағдарламасын» айтуға болады. Оның шеңберінде тауарлы балық өсіру үшін сатып алынған құрал-жабдықтар мен балық жеміне кеткен шығынның бір бөлігін субсидиялау жолдары қарастырылуда. Мәселен, тұқы тұқымдас (сазан, дөңмаңдай, ақамур, табан, мөңке, ақмарқа) балықтарын өсі¬руге кеткен құрама жемнің әр келісі 30 теңгеден суб¬сидияланбақ.
Нағымжан САУЯЕВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Тонналаған балықтың 90%-ы Кіші Аралдан ауланады

Тонналаған балықтың 90%-ы Кіші Аралдан ауланады

2016 жылы облыс бойынша балық аулау лимиті 7883 тонна болып белгіленсе, соның 90%...
Аралда балық зауыты ашылды

Аралда балық зауыты ашылды

Бүгін Арал ауданында Қарашалаң балық сервистік-дайындау орталығы жұмысын ...
АРАЛДАН СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ӨҢДЕЛМЕГЕН БАЛЫҚ ШЫҚПАЙДЫ

АРАЛДАН СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ӨҢДЕЛМЕГЕН БАЛЫҚ ШЫҚПАЙДЫ

Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал...
Аралдың балық өнімдері экспортқа шығарылды

Аралдың балық өнімдері экспортқа шығарылды

Қазіргі таңда Арал айдынында балықтың 22 түрі аулануда. Биылғы жылдың балық аулау...
Облыста балық аулау көлемі 40 пайызға артты

Облыста балық аулау көлемі 40 пайызға артты

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»...
ЖАРҚЫН ЖОБА ЖЕМІСІ

ЖАРҚЫН ЖОБА ЖЕМІСІ

Елбасының бастамасымен қолға алынған "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және...
Пікір: