Қазыналы Қазалының қарышты қадамы

Қазыналы Қазалының қарышты қадамы

Замана көші ілгері жылжыған сайын адамның ой-өрісі, талғам-пайымы да биіктей беретіні белгілі. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі аяқ алысына қарап осындай тұжырым жасауға болады. Алысқа бармай-ақ Қазалы ауданын мысалға алайық. Ауылда туып-өстік. Біздің балалық шағымызда ауызсу жайы ең күрделі мәселе еді. Бөшкеңді сүйретіп бас-аяғы бірді-екілі қолдан қазылған құдықтың басына әлденеше сағаттап кезекке тұрасыз. Қыс мезгілінде аналарымыз жауған қар, қатқан  мұзды ерітіп амалдайтын еді. Түнемелікте электр қондырғысымен берілетін жарық белгілі уақытта сөндіріледі. Жазатайым той-томалақ жасайтын болсаңыз, мотор жағатын ағайға жағдай айтуға тура келеді. Көшенің түнгі жарығы туралы сөз қозғаудың қажеті шамалы.
ДӘУЛЕТ 18 қаңтар 2017 г. 1 161 0
ТӨРТ ЖОБА АРҚЫЛЫ 465 МЛН ТЕҢГЕ  ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

ТӨРТ ЖОБА АРҚЫЛЫ 465 МЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Шиелі ауданында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы ауқымды істер қолға алынды.
ДӘУЛЕТ 10 қаңтар 2017 г. 563 0
80 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГЕН ЖЫЛ

80 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГЕН ЖЫЛ

– Биыл Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы аламыз. Сондай қуаныштымыз. Осыдан төрт жыл бұрын пәтер кезегіне тұрғанымызда баспананы ұзақ жылдар күтетін шығармыз деп ойладық. Өйткені, бұған дейінгі кезеңдері жерлестеріміздің пәтер кезегінде кемінде он жылдай тұрғанын көріп келдік. Бірақ, соңғы жылдары Қызылордада көпқабатты тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүрді. Қаланың әр аумағында жаңа шағын аудандар тез бой көтеріп жатты. Соның нәтижесінде биыл «Қолжетімді бас­пана-2020» бағдарламасы бойын­ша Шүкіров көшесіндегі 50 пәтерлі бесқабатты үй­ден үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Пәтеріміз жылы, жайлы жарық, – дейді қаладағы №261 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айжан Батталова.
ДӘУЛЕТ 31 желтоксан 2016 г. 384 0
АНА ЖАҚҰТЫ – БАЛА БАҚЫТЫ

АНА ЖАҚҰТЫ – БАЛА БАҚЫТЫ

Денсаулық сақтау саласы шоқтығы биік шаралармен үстем. Айталық, сырбойылықтар саулығын сақтауда және ана мен баланың жағдайын жақсартуда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өңірде бала туу көрсеткіші көтеріліп, табиғи өсім артуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 11 айында 17094 сәби дүниеге келіп, 21,4-ті құрады. Сонымен бірге, есепті мерзімде ана өлімі көрсеткіші 85,3 пайызға төмендеген.
ДӘУЛЕТ 31 желтоксан 2016 г. 270 0
СОЛ ЖАҒАЛАУ – БОЛАШАҚ ҚАЛАҒА БАСТАЛҒАН ЖОЛ

СОЛ ЖАҒАЛАУ – БОЛАШАҚ ҚАЛАҒА БАСТАЛҒАН ЖОЛ

Әлемдегі бірқатар мемлекеттердің астанасы өзеннің екі жағын жағалай орналасқаны мәлім. Мәселен, жауһар қала Париж – Сена, Лондон Темза өзенінің қос жағалауына орын тепсе, асқақ рухты Астанамыз Есілдің екі жағалауына салынуда. Енді міне, Астанаға қарап бой түзеп келе жатқан Қызылорда қаласы да ұлы өзеннің қос жағалауында дамитын болды. Өйткені, көпшілік көптен күткен нысан жуырда қолданысқа берілді. Сол жағалауды игеру, мұнда жаңа қала салу ісі көктемде қауырт басталмақшы.
ДӘУЛЕТ 31 желтоксан 2016 г. 494 0
АЖАРЛЫ АЛАҢ, ДИДАРЫ КӨРКЕМ ДАҢҒЫЛ

АЖАРЛЫ АЛАҢ, ДИДАРЫ КӨРКЕМ ДАҢҒЫЛ

Бүгінде шаһар бөлек, келбеті көркем, келешегі өркен. Соңғы 3-4 жылдың ішінде оның дәулеті тасып, сәулеті артты. Менмұндалаған ғажайып ғимараттар салынып, демалыс орындары көбейді, абат бақты, берекелі ордаға айналды. Қызылорданың құшағында қарқынды істер қанат жайды. Жұртшылық Сырдария жағалауынан рухыңды көтерген Рәміздер алаңының, егемендікке ерекше сый болған Тәуелсіздік даңғылының ашылу салтанатына куә болды.
ДӘУЛЕТ 31 желтоксан 2016 г. 504 0
ЗАМАНА  КҮТКЕН ЗАУЫТ

ЗАМАНА КҮТКЕН ЗАУЫТ

Келешектен жақсылық күту – ол адам баласына тән қасиет. Бәріміз де алдағы келе жатқан 2017 жылдан отбасымызда, әулетімізде, ұжымымызда, ауылымыз бен қаламызда, Отанымызда тек жақсылық болғанын қалаймыз. Келер жылы Сыр елінің бас қаласы – Қызылорданың өзінде біраз жақсы жаңалықтар орын алатынына сенеміз. Өйткені, бұл бағытта мақсатты түрде жұмыстар жасалып жатқанын көзімізбен көрудеміз. Соның бірі – шыны зауытының құрылысы. Қазірде құрылысы қарқынды жүріп жатқан шыны зауыты 2017 жылы іске қосылады деп күтудеміз. Басқаны сөз қылмай, тек шыны зауытын айтуымыздың өзіндік себептері жетерлік.
ДӘУЛЕТ 31 желтоксан 2016 г. 213 0
Еңбек озаттарына жеңіл автокөлік

Еңбек озаттарына жеңіл автокөлік

Биыл облыс чемпионы атанған Шиелі ауданындағы іргелі шаруашылықтың бірі – Ақмая шаруа қожалығы. Агротехникалық шараларды өз дәрежесінде өткізіп, ұжым мүшелерін ортақ іске лайықты ұйымдастыра білген шаруашылық үстіміздегі жылы 1110 гектар күріштің әр гектарынан орташа 68 центнерден өнім алса, бидайдан 20 центнерден жоғары астықты қамбаға құйды. Сол секілді мақсары, жоңышқа өсіруде де жақсы нәтижеге қол жеткізіп, мал азығының берік қорын жасады. Осылай аудан ауыл шаруашылығына лайықты үлес қоса білген ұжым 1000 гектардан астам сүдігер жыртып, күздік бидайын сеуіп те үлгерді.
ДӘУЛЕТ 29 қараша 2016 г. 525 0

Қазынашылық – мемлекет қаржысының сақшысы

ҚР Президентінің 1994  жылы 27 қаңтардағы № 1526 Жарлығымен ҚР Қаржы министрлігі жанынан Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Басқарманың мақсаты – қаржылық жүйе мен бюджеттік мекемедегі бухгалтерлік есептің әдістемесі мен бюджеттік басқару функциясы берілген бюджет жұмысын жолға қою болды.  
ДӘУЛЕТ 15 қараша 2016 г. 266 0
СЫРБОЙЫЛЫҚТАР КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАЙДЫ

СЫРБОЙЫЛЫҚТАР КӨРМЕНІ ТАМАШАЛАЙДЫ

«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама еткен, Қазақстанның негізгі халықаралық жобаларының бірі болып табылады. Көрме бүкіл әлемдік жұртшылықтың назарында 93 күн бойы болатын келер жылдың ең маңызды және ұзақ оқиғасы екендігі мәлім. Қазіргі таңда Көрмені ұйымдастыру және дайындық қарқынды, бірнеше бағыттарда жүргізілуде.
ДӘУЛЕТ 29 қазан 2016 г. 413 0