ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ОБЛЫСЫМЫЗДА

Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы мамандары облысымызда болып, қызылордалықтарға медициналық көмек көрсетті.
Нақтырақ айтқанда, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Астана қаласындағы Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығының директоры, жерлесіміз Юрий Пя өз мамандарын жіберіп, қызылордалықтардың білікті мамандардан көмек алуына мүмкіндік жасады. Атап айтқанда, медицина ғылымының кандидаты, 1 кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Темур Лесбеков, осы орталықтың кардиоанестезиолог реаниматологі Нұрлан Смағұлов Аралдан санитарлық авиация арқылы келген 56 жастағы науқастың «тоқтаусыз жұмыс жасап тұрған жүрекке аорто коронарлы шунттау» отасын, одан бөлек тағы екі ота жасады. Ал, Ұлттық орталықтың кардиологі Ғалия Тұрғанбаева 20-дан астам науқасқа кеңес берді.

Барлыбек БАТЫР.
Денсаулық 23 қараша 2017 г. 37 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031