Геннадий Головкин: Мен сайысқа дайынмын

Геннадий Головкин: Мен сайысқа дайынмынҚазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) болатын кездесуге тас түйін дайындықпен келді, деп жазады Sports.kz.
«Мен дайынмын! #GGGДжейкобс #ертең #HBOPPV #MSG»,-деп жазды Головкин инстаграмдағы парақшасында. Ол сонымен қатар Джейкобспен болған көзқарастар қақтығысы кезіндегі суретті де қоса орналастырған.
Головкин-Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Астаналық уақытпен алғанда кездесу 19 наурыз күні 09 сағат 40 минутта басталады.
ДОДА 18 наурыз 2017 г. 186 0