Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

ДОДА | 24 сәуір 2017 ж. - 10:31 | Көрудің саны: 56
Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтіп жатырТүркістанда таэквондодан жасөспірімдер арасында республикалық турнирдің жалауы көтерілді. Дүбірлі дода Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналды.
Осымен үшінші рет өтіп отырған бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 713 жас спортшы қатысуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Түркістандағы бұл байрақты бәсекеге еліміздің түпкір-түпкірінен 10 команда келді. 6 мен 11 жас аралығындағы 700-ден астам спортшы онда жас ерекшелігі бойынша 2 топқа бөлініп, өзара күш сынасуда. Жарыс WTF - Бүкіл әлемдік таэквондо федерациясының ережесіне және шарттарына сәйкес олимпиадалық жүйемен өтуде. Әр жекпе-жек 2 минуттан, 3 кезеңде өрбиді.
Айта кетейік, спорттың бұл түріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл спорттағы жастардың белсенділігі де жоғары. Сондықтан Түркістан шаһарында бастау алған турнирдің жыл сайын ауқымы артып, қатысушылары көбеюде.

Сондай-ақ... оқыңыз:

Қармақшыда боксшылар бәсі өтуде

Қармақшыда боксшылар бәсі өтуде

Қармақшыда халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы Ерлан Нысанбаевты еске...
Тереңөзекте волейболдан XVIII халықаралық турнир басталды

Тереңөзекте волейболдан XVIII халықаралық турнир басталды

Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде жасөспірімдер арасында волейболдан...
Қармақшыда самбодан халықаралық турнир өтіп жатыр

Қармақшыда самбодан халықаралық турнир өтіп жатыр

Ұлы Жеңіс күніне орай Қызылорда облысы Қармақшы ауданында  Кеңес Одағының...
Қазақ күресінен Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған республикалық турни ...

Қазақ күресінен Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған республикалық турни ...

Қызылорда қаласындағы №1 олимпиадалық резерв мектебінде ҚР көрнекті қоғам және...
Қызылордада бокстан республикалық турнир өтуде

Қызылордада бокстан республикалық турнир өтуде

Кеше Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған...
Ерлан Тілеужановты еске алуға арналған турнир өтті

Ерлан Тілеужановты еске алуға арналған турнир өтті

Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен №19 ОРМБЖ...
Пікір: