ЖЕРГІЛІКТІ КОМАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ДОДА | 11 мамыр 2017 ж. - 09:20 | Көрудің саны: 39
ЖЕРГІЛІКТІ КОМАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІФутболдан Қазақстан премьер-лигасының 11-турында жергілікті «Қайсар» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады. Қос команда арасындағы тартысты бәсекені жанкүйерлермен бірге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та тамашалады.
Ойынның алғашқы тайымында алаң иелері басымдық танытып, қонақтар қақпасына жойқын шабуылдар ұйымдастыра білді. Нәтиже де жаман болған жоқ. Сырт алаңда сақтық танытпаған ақтөбеліктер қақпасына 16 минутта Владимир Аржанов соққан гол «Қайсарды» алға шығарды. Жергілікті команда мұнан кейін де қонақтардан айласын асырудың амалын жасады. Осылайша 41-минутта Владимир Аржанов әріптесі асырған допты «Ақтөбе» қақпасында тулатып, дубль авторы атанды.
Алғашқы тайм алаң иелерінің пайдасына шешілгенімен, екінші кезеңде қонақтар «Қайсар» қақпасына шабуылды үдетті. Небәрі 5 минуттың ішінде Витор Жуниор Исламқұловтан айласын асырды. Ал, 56 минутта қонақтар сапынан Игорь Зенькович «Қайсар» қақпасына тағы бір гол салып, есепті теңестірді. Қосымша уақытта бас төреші Денис Тевяшов ойыншылар арасындағы кикілжіңге байланысты 11 метрлік айып добын белгіледі. Оны сәтті орындаған команда капитаны Мақсат Байжанов 94-минутта жеңіс голын соқты. Осылайша турнирлік кестеде жетінші орында тұрған жергілікті команда бір саты алға шықты.
 
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.

Сондай-ақ... оқыңыз:

«ҚАЙСАР» ҚАЙСАРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

«ҚАЙСАР» ҚАЙСАРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Наурыз айының соңғы күні футболдан Қазақстан премьер-лигасының  IV кезең...
«Қайсар» қайсарлық танытты

«Қайсар» қайсарлық танытты

Футболдан Қазақстан премьер лигасының кезекті ойыны Жамбыл облысында жалғасын тапты....
«ҚАЙСАР» КӨШ БАСТАДЫ

«ҚАЙСАР» КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан премьер-лигасының екінші турында жергілікті «Қайсар» командасы өз алаңында...
ПРЕМЬЕР-ЛИГА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

ПРЕМЬЕР-ЛИГА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Сәрсенбіде футболдан Қазақстан премьер-лигасы басталды. Жаңа маусымдағы алғашқы ...

"Қайсар" Словакия командасын ойсырата жеңді

"Қайсар" Словакия командасын ойсырата жеңді...
«ҚАЙСАР» «АСТАНАДАН» ДА АЙЛАСЫН АСЫРДЫ

«ҚАЙСАР» «АСТАНАДАН» ДА АЙЛАСЫН АСЫРДЫ

Қызылорданың «Қайсары» жанкүйер­лердің де, футбол мамандарының да үлкен құрметіне...
Пікір: