Қанат Ислам үздік үштіктің қатарында

Сондай-ақ Қанат бірінші орта салмақта WBA нүсқасы бойынша Inter-Continental және Fedelatin, WBO Inter-Continental және NABO титулының иегері атанып, boxrec порталының әлемдік рейтингінде 22-орыннан көрінді. Айта кетейік, бірінші орта салмақта WBA тұжырымы бойынша супер чемпион және тұрақты әлем чемпионы титулы кубалық Эрисланди Лараға және америкалық Деметриус Андрадеге тиеселі. Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық Иса Ақбербаев (18-0-0,13КО) рейтингте - 14-ші, ал Жанқош Тұраров (21-0-0,15КО) 10-орынға орналасты. Ал келесі қазақстандықтар - орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин (37-0-0,33КО) мен жеңіл салмақтағы Жанат Жақиянов (27-1-0,18КО) WBA тұжырымының супер чемпион және абсолютті чемпион титулының иегері атағын сақтап отыр.

 inform.kz
ДОДА 19 маусым 2017 г. 114 0