ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫҚызылорда қаласында бокстан Қазақстан астаналары болған төрт қала өкілдерінің қатысуымен 1995 жылы өмірге келген және одан жоғары жастағы былғары қолғап шеберлері арасында турнир болып өтті. Оған Астана, Алматы, Орынбор және Қызылордадан спортшылар қатысып, 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті.  
Байрақты бәсекеде танымал боксшылар да сынға түсті. Олардың қатарында Астана қаласынан жастар арасында Қазақстан чемпиондары – Мадияр Жанұзақ, Нұрлан Әбжанов, Дәулет Дәукенов, Алматыдан Тастемір Бибосынов, Қанағат Ахметов бар. Сондай-ақ, біздің командада бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, студенттер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Сыбаев, қарулы күштер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, ересектер арасында ҚР чемпионатының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев және жастар арасында Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахметовтер ойын көрсетті. Орынбордан келгендер қатарында Владимир Губайдуллин мен Габил Мамедов шаршы алаңда қарсыластарымен қолғап түйістірді. 
Аталмыш турнирде жерлестеріміз жанкүйер сенімінен табылды. Алғашқы күні қызылордалықтар орынборлық әріптестерін 7:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Ал Алматы боксшылары Астананың спортшыларынан мықтылығын танытты. Келесі күні біздің командамыз алматылықтарды 6:4 есебімен жеңіп, кубок жеңімпазы атанды. Алматылықтар екінші, Астана және Орынбор қалалары үшінші орынға ие болды. «Төрт Астана кубогы» келесі жылы Орынбор қаласында өтетін болып шешілді.

ҚОС ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ СОЗДЫ
Ақтөбе қаласында теннистен Ақтөбе облысы әкімінің жүлдесіне арналған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында турнир өтті. 
Аталмыш турнирде жерлесіміз Анастасия Лигай 12 жас аралығында ойын көрсетіп күміс жүлдеге ие болса, Азамат Әшім 15 жас аралығында қола жүлдеге қол созды. Спортшыларды жарысқа Денисеня Дмитрий дайындады. «Нұрсәт» теннис орталығында шеберлігін шыңдап жүрген қос спортшы қараша айында Алматы қаласында болатын турнирге қатысады.

ВЕЛОСПОРТШЫЛАР ТАБЫСЫ
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫАстана қаласында болған тректен Қазақстан чемпионатында облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің велоспорт жөніндегі №3 олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. 
Жарыс қорытындысы бойынша 4 шақырымдық қашықтық бойынша командалық жарыста Пазылбек Жақсылық пен Роберт Гайнеев екінші орынды иеленсе, 160 шақырымдық топтық жарыста үшінші орынға табан тіреді. Ал 80 және 100 шақырымдық топтық жарыста Асылхан Тұрар Дінислам Өмірбек қола жүлдегер болды. 
Әділ ТАЛАП.

ДОДА 17 қазан 2013 г. 559 0