Рустам Сыбай кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Рустам Сыбай кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп жазады massaget.kz. 
Сыр өңірінің тумасы Екатеринбургте өтіп жатқан бокс кешінде ресейлік боксшы Василий Поднебесныйды жеңді. Бірінші раундта Василий белсенді жұдырықтасып, дөп соққыларымен көзге түскен еді. Екінші раундтан бастап Рустам қарсыласынан қарымды, тәжірибелі екенін байқата білді. Бірнеше рет сериялы соққылары арқылы қарсыласын кері шегіндіріп те алды. Нәтижесінде төрт раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды. Рустам Сыбай әуесқой бокста 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасты. Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. 
2013 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Екатеринбургтегі "Extra Round 4"  бокс кешіне Рустамнан өзге де қазақстандық боксшылар қатысуда. Кештегі бірінші жекпе-жекте Әбілхайыр Шеғалиев Игорь Ерховты бірінші раундта нокаутпен жеңді. Ал павлодарлық Айбек Қожахметов ресейлік Самвел Гандилянға техникалық нокаутпен есе жіберді. Екатеринбургте Дәулет Дәукенов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, Михаил Лесниковты айқын жеңді. Төрешілер ұпайы бірауыздан Дәулетке берілді. Отандасымыз осыған дейінгі екі кездесуінде де жеңіске жеткен.
ДОДА 08 қараша 2017 г. 39 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031