ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТ КЛУБЫ

Жуырда Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының спорт клубтары мен жеке бапкерлер арасында үздіктерді анықтау мақсатындағы бірлескен жобасының қорытындысы жарияланды. Жобаға қатысушы 50-ге жуық қалалық, аудандық спорт клубтары арасында қазақ күресі, самбо, дзю-до және тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша 250-ден астам шәкірт тәрбиеленетін Қармақшы аудандық спорт клубы «Жылдың үздік спорт клубы-2017» номинациясына ие болды.
Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, самбо, қазақ күресі және дзю-додан биылғы жылы Әлем және Азия, бірнеше рет халықаралық, республикалық жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған, есімі елімізге белгілі спорт майталманы Әділбек Серікбаев «Жылдың үздік бапкері-2017» аталымын иеленді.

Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
ДОДА 14 желтоксан 2017 г. 37 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031