ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАРТЫСЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ­ситетінің 80 жылдық мерейтойына орай тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарыс қатысушыларына университеттің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, профессор Бақытхан Әбдікәрімов пен облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Бауыржан Елеусінов сәттілік тіледі.  
Дода барысында ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, әйелдер арасында Әлемнің 8 дүркін чемпионы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Әсел Далиева мен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ерлер арасында Әлемнің 3 дүркін жеңімпазы Хакімжан Елеусінов ойыншыларға шеберлік сабағын өткізіп, тəжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, бір мезгілде қатарынан 80 қатысушымен тоғызқұмалақ ойнады.
Жарыс қорытындысында Әлем чемпиондарынан тайсалмай тайталаса ойнаған 11 жасар Рыскелді Кенжебекке «Үздік ойын көрсеткені үшін» жəне 9 жасар Дания Жəдігерге «Ең жас ойыншы» марапаты берілді. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар алғыстарын білдірді.  
– Мен осы тоғызқұмалақ клубынан зияткерлік ойынның қыр-сырын меңгеріп, үлкен спортқа жолдама алғанмын. Ендігі арманым тоғызқұмалақ ойынын дамытып, оны әлемге танытатын чемпиондарды даярлайтын академия ашып, шəкірт тəрбиелеу, – дейді Әсел Далиева.
Жарыс тоғызқұмалақ ойынын облыс көлемінде кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру, университеттің үздік тоғызқұмалақшыларын анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Н.САҒАТҰЛЫ.
ДОДА 23 желтоксан 2017 г. 35 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031