ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ДОДА | 08 октябрь 2013 ж. - 09:03 | Көрудің саны: 595
ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫМәнерлеп сырғанау. Белоруссия астанасы Минск қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при додасында қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева қоссайыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды. Әлемнің 20-дан астам елінен сайыскерлер қатысқан жарыста 13 жастағы өрен тұңғыш мәрте бақ сынап отырғанына қарамастан, мерейі үстем болды. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші тұрған Элизабет еркін бағдарламада америкалық спортшыға есе жіберіп қойды. Енді Элизабет Болгарияда болатын жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.
Теннис. Ақтөбе қаласында облыс әкімінің жүлдесіне арналған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен турнир өтті. Аталмыш турнирде жерлесіміз Анастасия Лигай 12 жас аралығында күміс жүлдеге ие болса, Азамат Әшім 15 жас аралығында қолаға қол созды. Спортшыларды жарысқа Дмитрий Денисеня дайындады. Қызылорда қаласындағы «Нұрсәт» теннис орталығында шеберлігін шыңдап жүрген қос спортшы қараша айында Алматы қаласында болатын турнирге қатысады. 
ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫВелоспорт. Астана қаласында болған тректен Қазақстан чемпионатында Қызылорда облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер велоспорт жөніндегі №3 олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 4 шақырым қашықтықта командалық есепте Пазылбек Жақсылық пен Роберт Гайнеев екінші орын алса, 160 шақырымдық айналымның топтық жарысында үшінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, 80 және 100 шақырымдық айналымның топтық жарысында Асылхан Тұрар, 100 шақырымдықта Дінислам Өмірбек үштіктен көрінді.
Каноэде есу. Өзбекстанның Самарқанд қаласында ересектер арасында байдарка және каноэде есуден Азия чемпионаты мәресіне жетті. Аталмыш жарыста 38 елдің спортшылары бақ сынады. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі Мерей Медетов каноэде есуден құрлықтық доданың қола жүлдесіне ие болды. Ол 500 метр қашықтықта үздік үштікке ілінді. Ол келер жылы Оңтүстік Кореяның Инчеон қаласында болатын Азия ойындарына қатысады. Қазіргі таңда Мерей Ташкент қаласында оқу-жаттығу жиынында шеберлігін шыңдауда. Жарысқа Мерейді Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Мухитдин Мейірбеков дайындады. 
 Әділ ТАЛАП.  

Сондай-ақ... оқыңыз:

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

Қызылорда қаласында бокстан Қазақстан астаналары болған төрт қала өкілдерінің...
КYМІСПЕН КYПТЕЛГЕНДЕР

КYМІСПЕН КYПТЕЛГЕНДЕР

Қыркүйек айының 11-17-сі аралығында Жапон елінің астанасы Токио қаласында жастар мен...
ТӨРГЕ ОЗҒАН ТЕҢБІЛ ДОП

ТӨРГЕ ОЗҒАН ТЕҢБІЛ ДОП

Биыл Қазақстан футболы ғасырлық тойын атап өтіп жатыр. Еліміздің көптеген...
«ҚАЗАҚТЫҢ БАЛУАНДЫҒЫН ПАШ ЕТКІМ КЕЛЕДІ»

«ҚАЗАҚТЫҢ БАЛУАНДЫҒЫН ПАШ ЕТКІМ КЕЛЕДІ»

дейді дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Бауыржан Жауынтаев...
Илья әлем чемпионатында бапкер болады

Илья әлем чемпионатында бапкер болады

Үстіміздегі жылдың 19-27 қазаны аралығында Польшаның Вроцлав қаласында ауыр...
ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

«Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVІІІ дәстүрлі...
Пікір: