ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

ДОДА | 05 қазан 2013 ж. - 09:36 | Көрудің саны: 445
Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесі үшін мемлекеттік және ведомство қызметкерлерінің дәстүрлі ХVІІІ спартакиадасы мәреге жетті. 16-30 қыркүйек аралығында өткен жарысқа 24 команда құрамында мыңнан астам мемлекеттік қызметшілер қатысып, спорттың он түрінен сынға түсті.
Аталмыш спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, сондай-ақ бұқаралық спортты одан әрі дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту.
Спартакиада сайыстары екі топ бойынша өтті. Алғашқы топта жалпыкомандалық есепте облыстық білім басқармасы көш бастаса, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті жүлделі орындарды бөлісті. Ал екінші топта Қызылорда қаласы әкімі аппараты бірінші орыннан көрінсе, облыстық қазынашылық және салық департаменттері екінші, үшінші орындарға табан тіреді.
Спартакиада жеңімпаздары ауыспалы кубок пен дипломдарға ие болса, спорттың әр түрінен жеңіске жеткендер естелік сыйлықтармен марапатталды.
Б.СМАЙЫЛҰЛЫ.

Сондай-ақ... оқыңыз:

ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ЖАРЫСТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Мәнерлеп сырғанау. Белоруссия астанасы Минск қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан...
ЖҮЗЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

ЖҮЗЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

Кеше Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда Қазақстан...
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

Қызылорда қаласында бокстан Қазақстан астаналары болған төрт қала өкілдерінің...
ӨНЕРІНДЕ ҒАРЫШТЫҢ СЫРЛАРЫ БАР

ӨНЕРІНДЕ ҒАРЫШТЫҢ СЫРЛАРЫ БАР

Аймақ басшысы ғарышты қаладан келген меймандар алдында өңірдің...
ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

«Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVІІІ дәстүрлі...
«ҚАЙСАРДЫҢ» ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

«ҚАЙСАРДЫҢ» ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

Кеше орталық стадионда Қызылорданың «Қайсары» Алматы облысының «Іле-Сәулет»...
Пікір: