«ҚАЙСАР» АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР

ДОДА | 19 декабрь 2013 ж. - 12:34 | Көрудің саны: 410
Өткен аптада Баспасөз орталығында «Қайсар» футбол клубының жыл ішінде атқарған жұмысының қорытындысы мен алдағы жылғы жоспарлары жайлы баспасөз мәслихаты болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы С.Мұстафаев және «Қайсар» клубының президенті Б.Есмағамбетов қатысып, журналистер мен жанкүйерлер сұрақтарына жауап берді.
Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы биыл 45-жылдығын және тұңғыш қазақстандық футбол командасының негізі қаланғанына 100 жылдығын атап өтті. Мерейлі мерекеге орай облыс көлемінде бірнеше шаралар өткізілді.
Биылғы жылы табысты ойын өрнегін көрсеткен «Қайсар» клубы келесі маусымда Премьер-лигада лайықты өнер көрсетіп, жоғары орын алуды межелеп отыр. Қызылордалық футболшылар биыл турнир кестесінде айқын басымдықпен көш бастап, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты. Маусым барысында команданың жұмыс жасап, қойылған талаптарды орындауы үшін облыстық бюджеттен 598 млн. теңге бөлінді. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен клубтың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында екі автобус берілді. Ойыншылар Түркияның Анталия қаласына, Алматы мен Шымкентке барып, бірнеше рет оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бірақ нәтиже болмай, мамыр айындағы көрсеткіш бойынша 9-орында тұрды. Бірінші айналымнан кейін Алматы қаласында тағы бір жаттығу өтіп, команда құрамындағы шетелдік және отандық ойыншылар жоғары деңгейден көріне білді. Жергілікті жастардың арасында 34 ойында 28 гол салған Жасұлан Молдақараевтың еңбегі ерен. Оған жақында облыс әкімі пәтер кілтін табыстады. Тыңғылықты дайындықтың арқасында біріншіліктің қорытындысымен 74 ұпай жинаған «Қайсар» чемпион атанды. Сөйтіп, келер маусымда өтетін Премьер-лигаға жолдама алды. Ал жақында «Қайсарға» аға жаттықтырушы боп Дмитрий Огай келді. Ендігі мақсат – Премьер-лигада биіктен көріну болса, тәжірибелі маманға артылар жауапкершілік жүгі де салмақты.
Клубтың 240 млн. теңге көлеміндегі қарызы толық жабылды. Естеріңізде болса, қордаланған қарыздың кесірінен «Қайсар» Премьер-лигада өнер көрсете алмаған еді. Тек облыс әкімдігінің қолдауымен бюджеттен тыс көздерден қаржы түсіп, тығырықтан шығар жол табылды. Бүгінде клуб бюджетіне қадағалау күшейген. Оған қоса, үнемдеудің арқасында жыл соңында 40 млн. теңге артылып қалды. Қазіргі кезде клуб ғимараты жаңғыртылып жатыр. Қайсарлықтар енді көп ұзамай заман талабына сай жабдықталған қоныста жаттығып, ойнайтын болады. 
Биыл – «Қайсардың» футбол клубының құрылғанына 45 жыл. Ширек ғасырға жуық ғұмырында Премьер-лигада екі рет 4-орыннан көрінсе, 1998 жылы Қазақстан Кубогын иеленді. 
Баспасөз мәслихатында жанкүйерлер Қызылорда футболының жарық жұлдызы Әбіл Қалымбетовтің есімін енді салынғалы тұрған стадионға беруді, жанкүйерлер қатарынан тексеру комиссиясын құруды, «Қайсар» клубының фирмалық атрибутикасын сататын дүкен ашуды ұсынды.
Жиында облыс басшылығына команданың 250 млн. теңге қарызын жауып бергені үшін алғыс білдірілді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

«ҚАЙСАРҒА» ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

«ҚАЙСАРҒА» ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Өткен аптаның сенбісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» командасы...
ҚАЙТА ОРАЛҒАН «ҚАЙСАР»

ҚАЙТА ОРАЛҒАН «ҚАЙСАР»

Кеше Қызылорда қаласындағы Студенттер сарайында биыл футболдан бірінші лигада кіші...
«ҚАЙСАРДЫ» МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

«ҚАЙСАРДЫ» МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

Үстіміздегі жылы Қызылорданың «Қайсары» бірінші лигада ойнап, бірнеше тур бұрын...
«Қайсар» Семейде тең түсті

«Қайсар» Семейде тең түсті

Семей. Қызылорданың «Қайсары» 23 қазан күні Семейде жергілікті «Спартакпен»...
ЖҮЗЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

ЖҮЗЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

Кеше Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда Қазақстан...
«ҚАЙСАР» ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ОРАЛДЫ

«ҚАЙСАР» ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ОРАЛДЫ

Еліміздің футбол біріншілігі мәресіне жақындап келеді. Енді бірнеше турдан кейін доп...
Пікір: