Облыста өткен жылғы көтерме сауданың атаулы көлемі

2016 жылы көтерме сауданың атаулы көлемі 139962,4 млн.теңгені құрады, нақты индекс көлемі 89,5%. Азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар 81177,1 млн.теңге сомасында, 2015 жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға көбейді, жалпы көтерме сауда айналымындағы үлесі - 58,0%.
Көтерме сауданың аса жоғары көлемі (облыстың жалпы көлемінде) 2016 жылы Қызылорда қаласы- 122612,1 млн.теңге (87,6%)мен Арал ауданында -8062,4 млн.теңге (5,7%)  және Шиелі ауданы бойынша 2871,6 млн.теңге (2%) қалыптасты.
Көтерме сауда құрылымында басым бөлігі тұрмыстық электр аспаптар және құралдар (10,1% жалпы көлемінде),сұйық,газ тәрізді отындар және осыған ұқсас өнімдер (9,3%),сүт өнімдері (5,5%), шырындар,минералды су,алкогольсіз сусындар және өзге де сусындар (5,2%), фармацевтикалық және медициналық тауарлар және дәрі-дәрмектер (5,1%),құрылыс материалдары (4,8%).
Экономика 03 тамыз 2017 г. 70 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031