КӘСІПКЕРЛІККЕ КӨЗҚАРАС ӨСТІ

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласы ел экономикасының қарқын алуына айрықша ықпал етіп отырғаны баршаға аян. Бұл бағытта Арал ауданында да бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Мәдениет үйінде облыстық Кәсіпкерлік палатасы Арал аудандық филиалы аудан кәсіпкерлері мен тұрғындары арасында есепті кездесуі өтті. Оған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев төрағалық жасады.
Кездесуге облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі А.Садуақасова, аудан прокуроры Б.Тоқмырза арнайы қатысты. Сөз кезегін алған аудан әкімі өзінің хабарламасында аудандағы кәсіпкерлік субъектілері 3975 бірлікке жеткенін, мұның өзі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 331 бірлікке артып, көптеген адам жұмыспен қамтылғанын атап көрсетті.
Палатаның Арал аудандық филиалының директоры Қ.Еңсепов өзінің баяндамасында осы жылдың 9 айында аудандық кәсіпкерлер палатасына 832 аудан тұрғыны мемлекеттік бағдарламалар аясында көмекке жүгінгеніне, филиал тарапынан оларға бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, статистикалық есеп құру, маркетингтік талдау жүргізу, заң қызметін көрсету бойынша 167 сервистік қолдау қызметі көрсетіліп, 9 айда 237 жоба бойынша бизнес жоспар әзірленгенін жеткізді.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша жыл басынан жалпы сомасы 197,6 млн теңге болатын 8 жоба, «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасы бойынша құны 8,5 млн теңгелік 1 жоба толығымен қаржыландырылған. «Бастау бизнес» пен «Бизнес кеңесші» курсын оқып, сертификат алғандар арасынан 15 жоба қаржыландырылса, соның ішінен 3 жоба кепіл мүлкіне мемлекет тарапынан «КазАгроГарант» АҚ арқылы жетпеген кепіл мүлкіне кепілдеме алуға қол жеткізді. Оған қоса сертификат алған жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарға және кәсіпкерлерге қолжетімді қаржы институтының бірі – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» десек, жалған емес. Бұл бағытта ауданда ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 18 жоба, «Қолдау» бағдарламасы арқылы 5 жоба және 50 ауыл концепциясы бойынша «Ырыс», «Береке» бағдарламалары аясында аудандағы «Шижаға 16» және «АралТалапАгро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің 82 мүшесі қомақты несие қаражатына қол жеткізді. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант бөлу бойынша жыл басында жеке кәсіпкер Бахыт Ашербекова «Логопедиялық орталық ашу», Ермек Ыдырыш «Аяқ киім тігу цехы» жобасымен қайтарымсыз қаражаттар иеленген еді. Ал қыркүйекте инновациялық грантпен облыстық бюджеттен бөлінген 100 млн теңгеге ауданымыздан 27 жоба ұсынылған. Нәтижесінде 12 жоба қолдау тауып, жалпы көлемі 12 млн теңге болатын қайтарымсыз қаражат алуға мүмкіндік туындады.
Жиын барысында айтылған сауалдар, ұсыныс пен пікірлерге облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов тұшымды жауап қайтарды.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.
Экономика 31 қазан 2017 г. 70 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031