ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қызылорда облыстық статистика департаменті аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылдың 9 айындағы қорытындысын жария етті.
Облыс бойынша жан басына шаққандағы жалпы­өңірлік өнімі 839,3 мың теңгені құрап, республикада 10-шы орынға табан тіреді.
2017 жылдың 9 айында 548 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың 9 айына қарағанда 96,2 пайызды құрады. Облыстағы өнеркәсіп өндірісіндегі жетекші сала тау-кен өндіру және карьерлерді қазу, өндіріс көлемінің үлесі 81,3 пайыз. Саланың негізгі бөлігін мұнай өндіруші кешені құрайды, 2017 жылдың 9 айында 5,1 млн тонна мұнай өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібінде 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2016 жылдың қаңтар-қыркүйектегі деңгейіне нақты көлем индексі 106,2 пайызды құрады; кокс және мұнай өнімдерін өндіруде 110,9 пайыз; химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіруде 110,0 пайыз өнімге қол жеткізілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 61,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті.
2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының анықталған егістік алқабы 181,2 мың гектар жерге орналастырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға артық.
Алқаптардың көп бөлігі – 53,9 пайыз дәнді дақылдардың, 33,2 пайыз азықтық дақылдардың, 4,0 пайыз бақша дақылдарының үлесінде.
2017 жылдың бірінші қазанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жылқы саны – 15,3, түйе – 12,4, қой – 8,7, ірі қара мал – 5,8, құс 4,9 пайызға өссе, ал ешкі – 3,7 пайызға, шошқа басы 19,2 пайызға азайды.
Сонымен қатар 2017 жылдың қаңтар-қыр­күйегінде мал мен құстың барлық түрінің тірідей салмақта шаруашылықта сойылуы және өткізілуі 24,2 мың тоннаны құрап, 2,7 пайызға, сиыр сүтінің өндірісі – 61,3 мың тоннаны құрап, 1,3 пайызға, өндірілген тауық жұмыртқасы – 15,8 пайызға өсіп, 4678 мың дананы құрады.
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 142,1 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8 пайызға көп.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың біршама үлесі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (37,3 пайыз), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (18,3 пайыз), көлік және қоймалау (17,2 пайыз) салаларының үлесіне тиеді.
2017 жылы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі бағалау есебімен 50 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 112,6 пайызды көрсетті.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде жолдар мен автомагистральдардың құрылысы едәуір үлес салмақ алады. Олардың көлемі 12,7 млрд теңгені құрайды.
Осы кезеңде, 2627 жаңа ғимарат салынды, олардың 2571-і тұрғын үйге, 56 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар болып табылады.
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы – 467,0 мың шаршы метрді құрады. Нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 136,4 пайыз. Тұрғын үй құрылысына 24,8 млрд теңге қаражат жұмсалды. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттарының жалпы алаңы көлемінің едәуір үлесі Қызылорда қаласына (71,6 пайыз) тиесілі.
Шиелі (41,6 пайызға), Жаңақорған (10,5 пайызға), Арал (6,3 пайызға), Сырдария (5,3 пайызға), Қармақшы (4,8 пайызға), Жалағаш (4,3 пайызға), Қазалы (1,7 пайызға) аудандарында өсім байқалады.
Алдын ала деректер бойынша 2017 жылдың қаңтар-тамызында Қызылорда облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен өзара саудасы 40,9 млн АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың қаңтар-тамызында барлық экспорт көлемі Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасына қалыптасты. Қызылорда облысының экспорты құрылымының басым бөлігін ас тұзы мен басқа техникалық тұздар – 58,2, күріш – 27,2, табиғи құм – 9,8 және балық 3,1 пайызды құрап отыр.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар, құрал-жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (49,5 пайыз) әкелінді.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2017 жылдың қаңтар-маусымында 121641 теңгені құрады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының жоғарғы деңгейі облысымыздың қаржы және сақтандыру қызметі (206506 теңге); өнеркәсіп (201604 теңге); көлік және қоймалау (179113 теңге); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (162722 теңге); жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (159359 теңге) салаларында құралды.
Жалақының төменгі мөлшері ауыл, орман және балық шаруашылығы (71055 теңге); тамақтану бойынша қызметтер (68815 теңге); әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (73666 теңге) салаларында байқалды.
2017 жылдың қыркүйек айында 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда, облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі 103,8 пайызды (ҚР – 104,2 пайыз) құрады. Азық-түлік тауарлары 3,1 пайызға (ҚР – 3,1 пайыз), азық-түлік емес тауарлары – 5,0 пайызға (ҚР – 5,5 пайыз), ал ақылы қызметтері – 3,4 пайызға (ҚР – 4,3 пайыз) жоғарылағаны байқалды.
Облыстағы халық саны 2017 жылдың 1 қыркүйегіне ағымдағы деректер есебі бойынша 779,5 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы 44,2 пайызды құрады, ауылдық жерлерде – 55,8 пайыз. 2017 жылдың басымен салыстырғанда ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айында халық саны 6,4 мың адамға өсті.
Ағымдағы жылдың 8 айында облысымызда туу көрсеткішінің саны артып отыр. Соңғы 8 айда 12,6 мың туу және 3 мың өлім тіркелген. Қызылордалықтардың, яғни, облыс тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 7,5 пайызға көбейген. Ерлер орташа 68 жасты, ал әйелдерге келсек, сәл көбірек 76 жасты құрайды.

Ж.ӘЛМАХАН.
Экономика 07 қараша 2017 г. 44 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031