Бақша дақылдарының қауіпті зиянкесі

ҚОҒАМ | 04 мамыр 2017 ж. - 11:59 | Көрудің саны: 56
Бақша дақылдарының қауіпті зиянкесі– Қауын шыбыны Қызылорда облысына 2005 жылдан бастап карантиндік зиянкес ретінде қауын егісіне зиян келтіруде.
– Бұл – алақанаттылар тұқымдасына жатады. Шыбындар жемістің шырынымен қоректенеді. Нақтырақ айтсақ, олардың жұмыртқалаған жерлерінде тесіктер пайда болады, сол тесіктерден шыққан жеміс шырынының тамшыларымен қоректенеді, әсіресе таңертең. Түйнектің қабығының астына салынған жұмыртқалардан 5-7 күннен кейін дернәсілдер пайда болады. Олар қауынның жұмсағымен қоректенеді. Қоректеніп болғаннан 10-15 күннен кейін олар түйнекті тесіп, топырақтың бетіне шығып, қуыршақ күйге айналады. Құрттар жерге 10-15 см тереңдікте кіріп жатады. 20-30 күннен кейін жаңа шыбын ұрпақтары ұшып шығады. Қуыршақ кезеңінің ұзақтығы 10-13 күн. Бір жылда шыбын 3 ұрпақ береді. Соңғы ұрпағы қыстайды.
Қыстау кезеңіне кетерде шыбындардың дернәсілдері қуыршаққа айналып, 10-20 см топырақ тереңдігіне енеді. Мәліметтер бойынша шыбын қыстау кезеңінде 30 см тереңдікке дейін кетеді. Дернәсілдердің (куколка) қозғалуынан қауынның шырынында тат сияқты дақтар пайда болады. Дернәсілдердің сыртқа шыққан кезінде зақымдалған орындар қатты тесік болып, қарайған реңге өзгеріп шіриді. Осы тесіктерге микроорганизмдер түседі де, соның арқасында 5-7 күн ішінде шіриді және өте жағымсыз иіс шығарады.
    Зиянкес дернәсілінің дамуы залалданған жемістің ішінде таралады, ал купария ішіндегі қуыршақтың дамуы-өсімдік тамырында жабысқан топырақ құрамында өтеді.
Қауын шыбынымен күресу шаралары
Қауын шыбынымен күресу агротехникалық және химиялық тәсіл арқылы жүргізіледі.
Агротехникалық шаралар:
-    Күнделікті егістікті тексеріп, зақымданған қауындардан тазалау;
-    Зақымданған түйнектерді жою және 55 см тереңдікте көму;
-    Күзде 25-30 см тереңдікте сүдігер жырту, суару;
-    Қауынның ерте пісетін сорттарын егу;
-    Былтырғы егілген жерден 15-30 шақырым жерге егу.
Химиялық шаралар
-    Қауын шыбыны қуыршақтан алғаш ұшып шыққан сәттен бастап, инсектицидтермен (Д.Нурелл, Комбат) таңғы сағат 5-8 аралығында химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу (дәл сол уақытта шыбындар жапырақта қонып отырады, таңғы салқында қоректенеді және шағылысады);
-    Қауын егілген жерді айналдыра (барьерный) тәсілмен өңдеу жүргізу;
-    Мамандардың болжамына сүйене 3 қайтара өңдеу жұмыстарын жүргізу;
-    Бірінші өңдеу жұмыстарын гүлдеу дәуірінен, алғашқы түйнек пайда болған кезде жүргізу;
-    Удың иісінен қашатындықтан арасына 10-12 күн салып өңдеу жүргізу;
-    Қауын пісерден 20-25 күн бұрын өңдеу жұмыстарын тоқтату.

Е.АЛЬМАХАНОВ,
Қызылорда облыстық аумақтық
инспекциясының өсімдіктер
карантині және ФББ жөніндегі
мемлекеттік инспекция
бөлімінің басшысы

Сондай-ақ... оқыңыз:

ЕРЕКШЕ ҚАУІПТІ ШЕГІРТКЕ – ИТАЛИЯЛЫҚ ПРУС ЖӘНЕ ҮЙІРСІЗ САЯҚ ШЕГІРТКЕ

ЕРЕКШЕ ҚАУІПТІ ШЕГІРТКЕ – ИТАЛИЯЛЫҚ ПРУС ЖӘНЕ ҮЙІРСІЗ САЯҚ ШЕГІРТКЕ

Біздің ауданда, әсіресе, құм өңірінде – италиялық прус шегірткесі кең таралған....
Ерекше қауіпті шегіртке қандай?

Ерекше қауіпті шегіртке қандай?

Біздің ауданда, әсіресе, құм өңірінде – италиялық прус шегірткесі кең таралған....
Зиянкестен қалай сақтанамыз?

Зиянкестен қалай сақтанамыз?

Қызанақ күйесі – жылыжай және ашық топырақта егілген көкөніс дақылдарының зиянкесі....
ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Қызылордада  қала күні мерекесіне орай алғаш рет қауын-қарбыз фестивалі...
Қауынның даңқы қайта орала ма?

Қауынның даңқы қайта орала ма?

Соңғы уақытта Сыр елінің ғалымдары өнімі мол дақылдардың жаңа сұрыптарымен...
Қызылордада қауын шыбыны зиянкесі байқалады

Қызылордада қауын шыбыны зиянкесі байқалады

Қызылорда қаласы тұрғындарының кейбірінің аулаларындағы қауынның...
Пікір: