Жұмыспен қамту жүйесі

«Теңіз төскейі танымастай түлеген. Тіпті алыс ауылдардың өзінен қалаға тән көріністерді аңғаруға болады. Түрлі салада оң өзгерістер бар» дегенді ел арасынан жиі естіп жүрміз. Жағымды жаңалықты оқырманға паш ету, көпшілікпен бөлісу – кәсіби міндетіміз. Бұл жолы да осы қағиданы тұтындық. Осы мақсатта Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Алдамжар Жаймақовпен тілдескен едік.
Білгеніміз, аралдық ағайындар Елбасы Жолдауынан туындайтын тапсырмалар мен ҚР  Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, біршама толымды тірліктер тындырыпты. Еңбек нарығының қажеттілігіне сай техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша  қысқа мерзімді кәсіптік, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту, жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру  міндеттерін жүзеге асыруды  мақсат етеді.
Бұл тұрғыда аталған мекеменің ұжымы бағдарламаның бірінші бағытымен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша ағымдағы жылы кәсіптік оқу мен қайта даярлауға 300 адамды оқытуды жоспарлап жатыр екен. Сондай-ақ, «Бастау-Бизнес» жобасы бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталғанын да көпшіліктің назарына сала кетсек. Қашанда ыждағаттылықты ту көтерген теңіз төскейінде осынау, яғни, екінші бағытта ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі – «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша биыл 58 адамға несие беру, «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы 182 адамды кәсіпкерлік негізде оқыту межеленуде. «Үшінші бағытпен «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» негізінде  ағымдағы жылы жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 34 020 млн мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орнына республикалық қазынадан, ақылы қоғамдық жұмысқа аудандық бюджеттен қаржы қаралып отыр», – дейді бізбен пікірлескендер.
Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат та, тапсырманы орындауға деген құлшыныс та бар. Ендеше, іске сәт.
 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.  
Арал ауданы.
ҚОҒАМ 11 мамыр 2017 г. 148 0