ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИМИДЖДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖЕТІСТІК

ҚОҒАМ | 19 мамыр 2017 ж. - 12:22 | Көрудің саны: 35
Еліміздің әлемдік қауымдастықтағы орны ерекше екендігі анық. Бірнеше халықаралық ұйымдарға мүше еліміздің бейбітшілік орнату шараларындағы белсенділігін бүкіл әлем жоғары бағалауда. Әсіресе, баршамыз білетіндей, мемлекетіміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жылдарында халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша біршама жетістіктерге жетті.  Сондықтан барлық деңгейдегі қақтығыстарды шешудегі Қазақстанның бітімгершілік саясатын жүргізудегі ұсыныстары халықаралық деңгейде қолдау тауып отыр.
Соның айғағы, әлемдік қауымдастық назарын Астанаға аударды. Келелі жиынды Сирия мәселелерін реттеуге бағытталған төртінші кезеңнің нәтижелері қорытындыланды. Қазақстанның қазіргі тарихында алдағы уақытта ерекше орын алатын Астана процесінің төртінші раундында кепіл мемлекеттердің Сирия Араб Республикасының егемендігін негізге ала отырып, деэскалация аймақтарын құру туралы меморандумға қол қоюы халықаралық деңгейдегі жетістік деп санаймыз. Ал Сирияның қаруланған оппозициясы делегациясының шараға қатысуы келіссөздердің маңыздылығын көрсетті. Ендігі міндет Елордада қол жеткізілген келісімдерді тараптардың орындауында жатыр.
Меморандум бойынша Идлиб, Алеппо, Латакия және Хомс провинцияларында қауіпсіздік аймақтары қалыптасады. Бұл шара елдегі зорлық-зомбылықты жедел тоқтату, гуманитарлық ахуалды жақсарту және Сирия Араб Республикасындағы қақтығыстарды саяси реттеудің жағымды шарттарын ынталандыру мақсатында жасалып отыр.
Деэскалация аймақтарының құрылуы бейбіт халық үшін маңызды екендігі анық. Өйткені, келісім шеңберінде Сирия үкіметі мен қарулы оппозициялық топтар арасындағы кез келген әскери қимылдар тоқтатылады. Кепіл мемлекеттер үйлестіруімен жеңілдетілген түрде гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсету және азаматтық тұлғалардың негізгі мұқтаждықтарын  қанағаттандыру шарттары ұйымдастырылады. Сумен қамтамасыз ету және электр қуатын тарату секілді негізгі инфрақұрылым нысандарын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады. Босқындардың елге қайтуына және тұрғындардың елде еркін, қауіпсіз қозғалуына мүмкіндіктер жасалады.
Алғашқы кезеңнен бастап Қазақстан Сирия мәселесіне қатысты бейтарап саясат ұстанымында екендігін негіздеп, бітімгершілік алаңын ұйымдастыруға өз септігін тигізетіндігін баяндаған еді. Сондықтан осы келіссөздер барысындағы тараптардардың оң шешімінің қабылдануы еліміздің халықаралық имиджін қалыптастырудағы кезекті жетістігі деп білеміз.     
 
 
Мұрат НАСИМОВ,
саяси ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор,
«Болашақ» университетінің тәрбие жұмысы және
халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

Сондай-ақ... оқыңыз:

Халықаралық имиджді қалыптастырудағы кезекті жетістік

Халықаралық имиджді қалыптастырудағы кезекті жетістік

Еліміздің әлемдік қауымдастықтағы орны ерекше екендігі анық. Бірнеше халықаралық...
Сарапшылар  Астана қаласында өткен Сирия келіссөздерін қорытындылады

Сарапшылар Астана қаласында өткен Сирия келіссөздерін қорытындылады

«Парасат» жүйелік зерттеулер институтының сарапшылары дайындаған «Астана процесі:...
Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кезекті кездесу өтеді

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кезекті кездесу өтеді

14-15 наурыз күндері Қазақстан астанасында Астана процесі шеңберінде Сириядағы...
Елордада сириялық келіссөздер бойынша екіжақты кездесу басталды

Елордада сириялық келіссөздер бойынша екіжақты кездесу басталды

Астанада Сирия жөніндегі келіссөздердің жалпы отырысы алдындағы делегациялардың...
Астанада Сириядағы ахуалды реттеуге арналған халықаралық кездесу өтуде

Астанада Сириядағы ахуалды реттеуге арналған халықаралық кездесу өтуде

Астанада Сириядағы ахуалды реттеуге байланысты халықаралық кездесу өтіп жатыр. Бұл...
ЖАҺАН ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЖАҺАН ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі...
Пікір: