Қызылордада кикбоксингтен турнир басталады

12-13 тамыз күндері Қызылордада кикбоксингтен ҚР жаттықтырушыларын еске алуға арналған республикалық мықтылар турнирі өтеді.
Жарыстың басты мақсаты  -  салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құраманы жасақтау үшін үздік спортшыларды анықтау және  Әлем чемпионаты мен Азия ойындарына іріктеу.
Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан  100-ден аса мықтыкикбоксшылар қатысады.
Турнир кикбоксингтің фулл-контакт, К-1 жүйелері бойынша 29 салмақта өтеді. Ерлер - 24 салмақта, әйелдер -5 салмақта.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медальдарымен марапатталады.
Жарыстың басталуы 12 тамыз сағат 10.00-де,  салтанатты ашылуы 16.00-де «Евразия» спорт кешенінде.

ҚОҒАМ 09 тамыз 2017 г. 32 0