МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖYЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

ҚОҒАМ | 17 октябрь 2013 ж. - 07:59 | Көрудің саны: 731
Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Yкіметінің үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы, сонымен бірге индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы Yкіметтің жұмысы туралы өткізген кеңейтілген мәжілісінде қаралған мәселелер жөнінде жиын болып өтті.
Мәжілісте Мемлекет басшысы Yкімет қызметінің басым бағыттары бойынша атқарған жұмыстарына өз бағасын берді. Сонымен бірге, Елбасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық үдерістерін басқаруда орын алған бірқатар кемшіліктер мен олқылықтарды атап көрсетті. Нақты айтқанда, әңгіме бюджет саясатын нақтылау, мемлекеттік бюджетті орындау мен жоспарлаудың сапасын көтеру турасында болды. Бюджет қаржыларын толық және сапалы игеру маңызды міндет болып табылады. Елбасы бюджет жобаларының қымбаттауына қатысты проблемаларды өткір сынға алды. Бюджеттің сапасыз орындалуы көп жағдайда рұқсат беру рәсімдерінің және келісімдерінің шамадан тыс көп болуынан орын алып отыр. Бұл, сайып келгенде, экономика дамуын тежейтін факторлар болып табылады.
Аймақ басшысы үстіміздегі жылдың 9 айында өңір біршама оңды көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап көрсетті. Бірақ, тоқмейілсуге негіз жоқ. Бюджет қаржысын игеруде әлі де кемшіліктер бар. Сондықтан облыстық және аумақтық басқарма басшылары, аудан әкімдері өз жоспарларын барынша нақтылап, жылды табысты қорытындылаулары қажет. Бұл үшін күнтізбелік кесте жасалып, қажет болған жағдайда тиісті ведомстволар басшылары бюджет қаржысын игеру жөнінде апта сайын есеп беріп отырулары, түйіндеп айтқанда, желтоқсан айының ортасына дейін барлық проблемалар шешілуі қажет.
Облыста үстіміздегі жылдың 9 айында өндіріс көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі 16 пайызға өсті. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,5 пайызға артты. Экономикаға салынған инвестиция 80 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 55 пайызға өсті. 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Баға тұрақтылығы сақталуда. Облыстың тұтыну рыногындағы баға республикада төмен деңгейде сақталып отыр. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрайды. Бұл орта республикалық көрсеткіштен төмен. Жыл басынан бері 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Аталған кезеңде шоғырландырылған бюджетке 465 млрд. теңгеден астам салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті. Yстіміздегі жылы нақтыланған бюджет 176 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 36 млрд. теңгеге көп.
Облыс әкімі тиісті орган басшыларына мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жөнінде мәселе қойды. Бұл тұрғыда Yкімет мәжілісінде Елбасы әкімдер мен орталық мемлекеттік органдардың басшылары тендерлік комиссияларға өздері жетекшілік жасап, оның жұмысына толық жауапкершілікті алу қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осыған орай Парламентке мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын енгізуді жеделдету қажеттігі туындап отыр. Сонымен бірге, барлық конкурстар мен аукциондарды орталықтандырып, бұл ұйымдастыру жүйесіне мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандардың штаттары берілуі қажет. Аталмыш құрылымдар жергілікті бюджетті орындайтын өңірлердің деңгейінде де құрылатын болады.
Облыс басшысы индустриалды-инновациялық жобалардың жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға барынша назар аударды. Осы орайда ол мәселені қайта қарап, өз міндеттеріне жеңіл қарайтын мердігерлердің тізімін жасау қажеттігін атап көрсетті. Қазірден бастап өзінің міндеттеріне салғырт қарайтын компаниялардың бюджет қаржысына қол жеткізуінің жолы кесілетін болады.
Қ.Көшербаев банк секторының жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Осы сала қазіргі таңда облыс экономикасын дамытудағы әлсіз буынның бірі болып отыр. Банк ұйымдары іскерлік бизнес жобаларды белсенді қолдап, кәсіпкерлердің тірлігін дамытуына ықпал жасаулары қажет. Орта және шағын бизнестің толыққанды дамуы аймақ экономикасының өркен жаюының бірден-бір кепілі болып табылады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде бизнестің алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту жөнінде мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты тексеру шараларын азайту жөнінде ұсыныстар дайындау қажет. Аймақ басшысының атап өткеніндей, өз кәсібін ашқан кәсіпкерлер әдетте көптеген кедергілерге тап болады. Жеке кәсіпті ашу ұзаққа созылады және ол қымбатқа түседі. Облыс басшысы осыған байланысты Мемлекет басшысының орта және шағын бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті тапсырмаларын мүлтіксіз орындау қажеттігін атап көрсетті.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шағын және орта бизнесті қолдаудың тиімді құралы болып табылады. Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы оңды тиімділік берді. Қазір осы қарқынды бәсеңдетпей, екінші бесжылдықтың бағдарламасын сапалы дайындау маңызды болып табылады. Мемлекет басшысы мемлекеттік қолдауға жататын жобаларды талдаудан өткізу кезінде біршама олқылықтарға жол берілетініне назар аударды. Аймақ басшысының атап өткеніндей, бұл түйткілді мәселенің бізге де қатысы бар. Мысал үшін айталық, қиыршық тас, асфальт зауыты, картопты қайта өңдеу сияқты жобалар бізде инновациялық жобалар ретінде ұсынылады. Инновациялық жаңалығы қайсы? Бұл жобалардың экспорттық әлеуеті қандай? Дайын өнімдермен қандай рынокқа шығуға болады? Міне, жобаларды ұсынғанда осы маңызды мәселелер ескеріле бермейді. Сондықтан облыс әкімі Индустрияландыру картасына ұсынылатын жобаларды барынша сүзгіден өткізу қажеттігін атап көрсетті. Облыс басшысы жобаларды жүзеге асыру кезінде инфрақұрылым мәселесін шешу қажеттігін мәлімдеді. Бизнес логистикасыз, инфрақұрылымсыз дамымайды.
Мемлекет басшысы Yкіметтің кеңейтілген мәжілісінде жасыл экономика жөнінде өзекті мәселе көтерді. Осыған орай, энергия үнемдеудің іргелік мәселелерін шешу қажеттігі туындайды. Қазақстанда жылу жүйелеріндегі шығын 22,1 пайыз, ал Еуроодақта ол орта есеппен 10 пайызды құрайды. Қазақстандық электр жүйелеріндегі шығын 14 пайыз, ал Қытайда, Кореяда және Жапонияда ол 5 пайыздан аспайды. Облыс әкімі біздің аймақта энергия және жылу сақтау мәселелеріне жеткілікті түрде мән берілмей отырғанын атап көрсетті. Осыған орай энергия сақтау шараларына қатысты арнайы жоспар жасау қажет. Бұл жаңадан құрылған энергетикалық консорциумның басым міндетіне айналуы тиіс. Сонымен бірге жылу, электр энергиясын және газды үнемдеу жөнінде тұрғындар арасында насихат жұмыстарын кеңінен өрістеткен жөн.
Елбасының қатысуымен өткен Yкімет мәжілісінде аграрлық саланың мәселелері де қаралды. 2016 жылға қарай ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізуіміз керек. Ал Қазақстан етті әлі сырттан тасымалдайды. Облыс әкімі осы орайда «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыруда айрықша белсенділік таныту қажеттігін мәлімдеді. Аймақта бағдарламаны жүзеге асырудың жақсы алғышарттары қалыптасқан. Облыс үшін ірі жобалар қажет. Әрбір аудан мал шаруашылығын дамыту бойынша бәсекеге қабілетті бір-бір жобадан ұсына алады.
Облыс әкімі тағы бір маңызды мәселеге назар аударды. Ол әлеуметтік модернизациялау үдерісін күшейту болып табылады. Мемлекет білім беруді қаржыландыруды 1,7 есеге арттырды. Осыған қарамастан, балабақшалардағы орын жетіспеушілік күрделі күйінде қалуда. Облыс әкімінің атап өткеніндей, Мемлекет басшысының алға қойған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруда өңір тапсырма үдесінен шықты. Алайда, бұл бағытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құралы тиімді пайдаланылмай отыр. Облыс әкімі бизнес құрылымдарды бұл үдеріске белсене қатысуға шақырды. Жергілікті атқарушы билік өз тарапынан бұл бағытта қолайлы жағдай жасайтын болады.
Облыстық денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін «Жол картасы» бағдарламасы жасалып, онда түйінді мәселелерді шешу бағыттары айқындалған болатын. Алғашқы оңды нәтижелер байқала бастады, бірақ көптеген жұмыстар кезегін күтіп тұр. Облыс медицинасы кадр зәрулігін қатты сезінуде.
Кәсіптік-техникалық оқу саласында ел экономикасына қажетті кадрлардың үштен бірі ғана дайындалады. Біздің облыста еңбек ресурстарының балансы жасалды, қазір аймақ экономикасына қажетті мамандарды дайындау және қайта дайындау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімі жалақы берешегі жөніндегі мәселеге тоқталды. Қабылданған өткір шаралардың нәтижесінде берешек көлемі біршама азайды. Осыған қарамастан, жалақы қарызы 50 млн. теңгеге жуықтайды. Облыс әкімінің мәжілісте атап өткеніндей, жалақы жөніндегі берешек мүлдем болмауы тиіс. Жалақы берешегінен құтылмаған бірде-бір шетелдік компания өз техникаларын алып кетпеуі қажет. Еңбек дауларын тиімді шешу үшін әрбір ауданда еңбек жөніндегі инспектор штатын енгізу керек.
Облыс әкімі аталған мәселелер бойынша барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажеттігін атап көрсетті. Бұқаралық ақпарат құралдарында маңызды мәселелер көрініс тауып, тұрғындарға экономика, саясат, еліміздің ішкі және сыртқы өмірінен кеңінен ақпараттар беріліп отыруы қажет. Әрбір аудан әкімі, басқарма басшылары өз салаларындағы нақты жағдайды ашық және жария түрде баяндап отырулары тиіс.
Облыс әкімі мәжілісті қорытындылай келе, Мемлекет басшысының еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жөнінде стратегиялық міндет қойғанын мәлімдеді. Бұл мақсатқа жету үшін бір ғана ішкі жалпы өнімнің жоғары көрсеткіштеріне жету жеткіліксіз, сонымен бірге адам әлеуетін дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды болып табылады. Осы маңызды мәселелерді шешу үшін мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, еңбекпен қамту, инфрақұрылымды дамыту бойынша, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Ал осы мақсаттағы мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты...
КЕМШІЛІККЕ КЕСІМДІ СӨЗ АЙТЫЛЫП, КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ КӨРСЕТІЛДІ

КЕМШІЛІККЕ КЕСІМДІ СӨЗ АЙТЫЛЫП, КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ КӨРСЕТІЛДІ

Жұма күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің...
ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

Санаулы күндерден кейін жылу беру маусымы да басталады. Оған біздің әзірлігіміз...
ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

Кеше облыстық мәслихаттың мәжіліс залында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың...
ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

Қазір Қазақстан жаһандық сауда-экономикалық кеңістіктегі өркениетті елдер санасатын...
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚОРЛАРЫ ЖӨНІНЕН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚОРЛАРЫ ЖӨНІНЕН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

Осы аптаның сейсенбісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен...
Пікір: