ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

«Сыр бойы» газетінің 2013 жылдың 24 қыркүйегінде аталмыш басылымның Арал, Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі Жұмабек Табынбаевтың «Әлсейіттен әрең өттік» атты мақаласы жарияланған болатын. Онда Әлсейіт аумағындағы қалқымалы көпірдің ахуалына байланысты мәселе көтерілген еді. Мақала жарияланған соң ұжым жиналысында талқыланды. Қалқымалы көпірде сол күні кезекші болған Бижан Нұрниязға кемшіліктері айтылып, қатаң ескерту берілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауы барлық ұжым мүшелеріне ескертілді.
Серік ӨТЕГЕНОВ,
жеке кәсіпкер.

Қазалы ауданы.
ҚОҒАМ 17 қазан 2013 г. 722 0