КІТАП – ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

Қармақшы ауданында жылдағы дәстүрмен «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы басталды. Шара аудандық кітапханада өтіп, әдеби кітаптармен толықты.
Кезінде «Ғасыр ұстазы» атанған, өзі өмірден өтсе де, өткенге өшпес із қалдырған ауданға белгілі ақсақал Жұмабек Ешмұратовтың «Ерді ел таниды», «Көңіл көктем» кітаптарының тұсаукесері өтті. Жиында сөз алған еңбек ардагерлері Әбен Қарақозиев, Несібелі Нұралиева, Сарқыт Құлмұратова Жұмабек Ешмұратовтың өнегелі өмір жолы жайында естеліктерімен бөлісті. Оның шығармашылығы турасында ой толғап, сөз өнері жайлы сырлар айтылды. Осындай игілікті шараға атсалысқан азаматтарға аудандық кітапхана директоры Күлшара Қаниева алғысын білдіріп, ақсақал мұрасын дәріптеу қажеттігін де атап өтті.
Шарада кітап көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар, Жұмабек Ешмұратов туындыларының 56 данасы аудандық кітапханаға сыйға берілді. Айта кету керек, Қармақшы аудандық кітапханасы жаңа топтамалармен толығып келеді. Бүгінде аудандық  кітап үйінде 56 мың дана кітап болса, филиалдарын қоса есептегенде қор саны 461 мыңға жетеді.

М.ЖАСҰЛАН.
ҚОҒАМ 12 қазан 2017 г. 27 0