ЕҢБЕК ДАУЫН БОЛДЫРМАУ БАСТЫ МАҚСАТ

ЕҢБЕК ДАУЫН БОЛДЫРМАУ БАСТЫ МАҚСАТЖуырда «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығы «Еңбек дауларын алдын алу, болдырмау, реттеу» тақырыбында аймақтық семинар өткізді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Болашақ бүгіннен басталады» республикалық шарасы аясында өткен басқосуға үкіметтік емес ұйымдар басшылары мен мүшелері, кәсіподақ ұйымдары өкілдері шақырылды.
Қатысушыларды еңбек қатынастарына байланысты негізгі түсініктермен, заңнамалық негіздерімен және оларды шешу жолдарымен таныстыруды мақсат еткен семинарда медиацияны жүзеге асыру мәселелері де сөз болды.
Шара республика бойынша өтіп жатқан билік пен азаматтық қоғам арасындағы пікір алысу алаңдарының жалғасы. 
Семинарға қатысушыларға әдістемелік, ақпараттық, заңнамалық құжаттамалар таратылып берілді.
Е.ӘБДІР.


ҚОҒАМ 10 қазан 2013 г. 419 0