«Алтын Адам» әскери-патриоттық мұражайы ашылды

Қызылорда қаласындағы №253 қазақ орта мектебі жанынан «Алтын Адам» әскери-патриоттық мұражайы ашылды.
Мұражайдың кермесін қиып ашу салтанатты рәсіміне «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Қ. Баймаханов пен Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник М. Даулетбахов қатысты.
Сонымен қатар, арнайы қонақта «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2019 әскери бөлім командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бастығының орынбасары подполковник Б. Оразбаев, Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері, Ауған соғыс ардагерлері, бастапқы әскери дайындық пән жетекшілері, Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ж. Алдабергенов пен аталған мектеп ұжымының ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Бағдарлама бойынша «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелері сап түзеп, №264, №253 мектептің бастапқы әскери дайындық пән жетекшілері мұражайдағы құнды жәдігерлермен таныстырды.
«Ерлік» қоғамдық бірлестігі атынан Қ. Баймаханов Ұлы Отан соғыс майдан даласынан табылған экспонаттарды мұражайға тарту етті.
Жаңадан ашылған әскери - патриоттық музей туралы облыстық қорғаныс департаментінің бастығы полковник Мұрат Шымкентбайұлының айтуынша, «Қарулы Күштердің басты тапсырмаларының бірі «патриотизм» жұмыстарын жандандыру болып табылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйене, биылғы жылы ҚР Қарулы Күштердің 25 жылдық мерекесі қарсаңында, республика аумағында орналасқан жергілікті атқарушы әскери органдарының әскери қызметшілері патриотизм бағытында 130-дан астам түрлі іс-шара ұйымдастырды. Мысалы: әскери-далалық ойындар, әскерилендірілген эстафеталар, «Ашық есік күндері», «Шақырылушы күні», «Жас армияшы күні», «Қазақстан әскеріндегі бір күн». Жыл сайын бастапқы әскери дайындық пән жетекшілерімен бірлесе, оқу орындарында «Ерлік сабағы» өткізілетін айта кеткеніміз жөн.
ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың қанатты сөзінде «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» -деген болатын. Сондықтан алда келе жатқан 2018 жылы Қызылорда облысының мектептерінде жаңа қазақстандық патриотизм мен ұрпақтар сабақтастығы принциптерін қалыптастыратын мықты «Кадет» сыныптарын ашу ісінің 100% орындалуына әрбір Сыр елінің азаматы жәрдемдеседі - деген ойдамын!»
Шара соңында өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуге үлестерін қосып жүрген әскери ұстаздар мен әскери қызметшілерді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемұлының және Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е. Меңлібаевтың алғыс хаттарын Жасұлан Алдабергенов табыстай отырып, жаңа жылға, жаңа табыс тіледі.
Белсенді оқушылардың ұйымдастырған мерекелік концерт тамашаланды.

Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 30 желтоксан 2017 г. 92 0