ӨНЕР ДАРЫҒАН ШЕБЕР

ҚОҒАМ | 08 октябрь 2013 ж. - 09:11 | Көрудің саны: 577
 Сәндік қолданбалы өнер түрін күнделікті тұрмыста жиі кездестіреміз. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» дегендей, шиелілік Малика Әлжанованың жасы жетпістен асса да, жіпті инемен көзілдіріксіз сабақтай береді. Жануар тектес ою-өрнек, «Ирек су», «Құс қанаты» сияқты ұлттық ою-өрнектермен қыздың жасауын, көрпе, жастық, киім-кешекті, қоржынды сәндеу Малика апайдың сүйікті ісі. Кейуананың тігіншілік өнерге қалай келгендігі де қызық. Кішкентай Малика 12 жасқа келгенде әкесі оған арнайы тапсырыспен тігін машинасы мен домбыра сатып алып береді. Қызымның өнері өрістей берсін деп көпшіліктен бата алу үшін бәйге беріп, салым ұйымдастырып, ұлан-асыр той жасайды. Тойға келгендер жақсы баталарын береді. Батаның құдіретінен бе, Алла Маликаны жарылқайды. Той тарқаған соң, түнде ұйықтап жатқан Маликаның түсіне нағашысы енеді. Түсінде нағашысы мұнан домбыраны алып қояды. Малика қанша жалынып сұраса да, нағашысы: «Басқаны сұрасаң сұра, мұны саған бере алмаймын» деп жауап қайтарады. Сол сәтте көрпешенің астындағы көк қайшыға Маликаның көзі түседі. Малика оянып кетеді. Әжесі Маликаға ісмер болады екенсің деп, тігін тігуді үйрете бастайды. Шамалы күннен кейін әкесі мал бағып жүріп, далада бір бұтаның түбінен тот басқан бір қайшыны тауып, үйіне алып келеді. Қайшы тура Маликаның түсінде көрген көк қайшысындай болады. Кім біледі, бәлкім, түсінде нағашысы домбыраны алмағанда, Малика құйқылжыта күй шертетін күйші болар ма еді? Алайда, ол тігінші болды. Әкесі тауып алып келген көк қайшыны жоғалтпай, әліге дейін пайдаланып жүр.
Міне, қарапайым қазақ әйелінің тігіншілікке келу жолы осындай.
Жалпы, халқымызда түсті жорығанда жақсылыққа қарай ырымдайды. Бұл оқиғадан да түс көру мен оны жорудың тағы бір кереметін байқағандаймыз. 
Ерұлан ДАТКЕНОВ.
Шиелі ауданы. 


Сондай-ақ... оқыңыз:

ҚАСИЕТТІ ӨНЕР МЕН ҚҰДІРЕТТІҢ КҮШІ

ҚАСИЕТТІ ӨНЕР МЕН ҚҰДІРЕТТІҢ КҮШІ

Халық ардақтаған тұлғалар есімі тарих төрінде талай ондаған жылдар жабулы күйінде...
БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі қоғам үшін үлкен мәселеге айналып отыр. Ол саяси...
МӘҢГІ ӨШПЕС ШЫРАҚ ЖАҚҚАНДАР

МӘҢГІ ӨШПЕС ШЫРАҚ ЖАҚҚАНДАР

Дүниеге шыр етіп келген пенде баласының ішінде жалғанның жарқылына алданбай, адалдық...
ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Сізді және Сіз...
ТӨЛ ҚОЛӨНЕРДІҢ ТӨРГЕ ШЫҚҚАН КҮНІ

ТӨЛ ҚОЛӨНЕРДІҢ ТӨРГЕ ШЫҚҚАН КҮНІ

Қызылорда қаласының 195 жылдық мерекесі аясында ұйымдастырылған шаралардың бірі –...
ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ БЕЙНЕЛЕР КӨП БОЛСА

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ БЕЙНЕЛЕР КӨП БОЛСА

Барша Алаш жұртының киелі мекені атанған Сыр өңірі бүгінде адам танымастай жасанып,...
Пікір: