ҚР Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Айбек Әлжанов тағайындалды. 

Айбек Қуанышұлы 2003 жылы Санкт-Петербург инженерлік-экономикалықуниверситетін бітірген. 2005-2007 жылдар аралығында ҚР Президенті жанандағы Мемлекеттік қызмет академиясында білім алды.


Соңғы 10 жыл көлемінде  «Еуро-Азия Эйр» әуе компаниясында жұмыс істеді. Соңғы лауазымы «Еуро-Азия Эйр» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары.


Айбек Әлжанов ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің экономикалық блогына жетекшілік етеді.


Дереккөз: inform.kz
ҚОҒАМ 12 ақпан 2018 г. 275 0