Сыр өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 651 шара ұйымдастырылған

Бұл бағытта 79 жоба, 100 ірі көлемді шараны қамтитын 4 кіші бағдарлама («Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны») жүзеге асырылуда, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.
Өңірде 213 үкіметтік емес ұйым, 39 жастар ұйымы, 11 этномәдени орталық, 2 ғылыми-білім беру ұйымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысуда.
Бағдарламаның қабылдануымен бюджеттік және бюджеттен тыс көздерден 81 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 52 жоба  немесе 64,1 пайызы аймақтың үкіметтік емес секторының әлеуетін тарта отырып жүзеге асырылуда, сонымен қатар 651 ауқымды шара ұйымдастырылды.
«Қорқыт ата» мемориалды кешенінде «Этноауыл» жобасы жүзеге асырылып, онда 7 ұлттық киіз үйде қазақтың қолөнер бұйымдары және зергерлік бұйымдар ұсынылды. Этноауылға 37 мемлекеттен және басқа облыстардан 13 мыңнан астам турист пен қонақтар келді.
Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясының секретариаты және этномәдени ұйымдарының қатысуымен «Ұлы дала елі тарихы» тарихи-тану экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедиция мүшелері Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне барды.
ҚОҒАМ 12 ақпан 2018 г. 269 0