АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

негізгі азық-түлік өнімдерінің 1 қазандағы бағасы
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. 
Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
Қызылорда қаласы. «Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 60, жуа – 40, сәбіз – 65, қызылша – 100, қырыққабат 50 теңгеден сатылуда. 
Сондай-ақ, Қызылорда қаласының мөлтек аудандарында ашылған «Изобилие» әлеуметтік сауда дүкендерінде сиыр еті – 845, тауық еті – 399, қарақұмық жармасы – 105, қант – 128, картоп – 70, өсімдік майы 250 теңгеден сатылып жатыр.
Арал ауданы. «Жеміс-Жидек» дүкенінде картоп – 60, жуа – 50, сәбіз – 90-100, қырыққабат – 70-80 теңгеден. Сонымен қатар, ЖК «Т.Исмайлова» дүкенінде қант – 144, өсімдік майы – 220 теңгеден, «Береке» базарында І сортты бидай ұны 54 теңгеден сатылып жатыр. 
Қазалы ауданы. «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқаның 10 данасы – 160-170, картоп – 60-65, жуа – 50, қырыққабат – 80, сәбіз – 90, өсімдік майы – 240 теңгеден сатылуда. 
Қармақшы ауданы. «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде картоп – 70, сәбіз – 80, жуа – 45, қырыққабат – 60 теңгеден сатылса, ЖК «Бекмұрзаева», «Маржан» дүкендерінде І сортты бидай ұны 53 теңгеден саудалануда. 
Жалағаш ауданы. «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен І сортты бидай ұнын 53, жұмыртқаны – 17, ал тауық етін - 450, өсімдік майын – 240, жуаны – 60, сәбізді – 90, қырыққабатты – 60 теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында ет 1200 теңгеден.
Сырдария ауданы. «Серікбол» дүкенінде картоп – 70, сәбіз – 80, қырыққабат – 60, жуа – 40, қант – 140 теңге болса, «Коммуналдық» базарында тауық еті – 425, жұмыртқа 17 теңгеден сатылуда.  
Шиелі ауданы. «Ә.Шорабаев», «Мақсат» базарларында картопты – 45-50-60, жуаны – 30-40, сәбізді – 55-60, қырыққабатты – 50-60, жұмыртқаның 10 данасын – 160, тауық етін – 410-450 теңгеден алуға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұны 52 теңгеден саудалануда. 
Жаңақорған ауданы. «Мағжан», «Нұржан» және «Нұрасыл» дүкендерінде картоп – 60-65, жуа – 45-50, қырыққабат – 60, сәбіз – 70, жұмыртқа – 15 теңге. І сортты бидай ұны – 56, тауық еті – 400-430 теңгеден сатылса, «Нұр» базарында еттің бағасы 1050 теңгеден саудаланып жатыр. 
ҚОҒАМ 05 қазан 2013 г. 526 0