ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

ҚОҒАМ | 05 октябрь 2013 ж. - 10:02 | Көрудің саны: 641
Сейсенбі күні Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «ЕХРО LАHD-2013» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Онда қала мен облыстың барлық аудандарынан келген жастар өз ойларынан туындап, жасаған жаңашыл дүниелерін көпшілік назарына ұсынды.
Аймағымызда жастардың жаңашылдықпен жұмыс істеуін дамыту мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі «Жастар үшін ғылыми орталық қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Осы жоба аясында облыстағы ғылыми ізденістермен айналысатын мектеп мұғалімдері мен оқушыларына және жас ғалымдарға әрқашан да ғылыми кеңестер беріліп, жол көрсетіліп келеді. Соның бірі биылғы Қызылорда қаласының 195 жылдығына және Елбасының «Қазақстан білім қоғамы жолында» Қазақстан жастарына интерактивтік дәрісін насихаттау мақсатында осы «ЕХРО LАHD-2013» инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесін өткізу қолға алынды. Сондай-ақ, онда Сыр елінің жастарын 2017 жылы Қазақстанда өткізілетін «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне дайындау да көзделген.
Бүгінгі таңда әлем елдерінде энергия көзінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан да ондай елдер энергияны күн мен жел сияқты табиғи көздерден алуға көше бастады. Осы жайтты ескерген Елбасы болашақта бүкіл әлемде жасыл технология алға жылжитынын айтты. Себебі «жасыл технология» жағдайында жарықты барынша үнемдейтін диодты энергиялық қуат көздері мен құрылыс материалдарын шығаратын өндірістерді дамытуға көңіл бөлінеді. Жәрмеңкеге қатысушы жастар жобаларының басым бөлігі де осы бағытта ұсынылған. Атап айтқанда, олар гемиконцентраттар орталығы мен күн энергиясының тиімділігін арттыру және жел қондырғылары секілді жоба макеттерін көпшілік назарына ұсынды. Мұнан басқа жәрмеңкеде жастардың қағаз шығару өндірісі мен қалдықтарды кәдеге жарату жобалары да бүгінде өңірімізге аса қажетті әрі қолға алынуы тиісті істердің бір екенін айғақтай түсті. Сондай-ақ, бұл күні жаңашыл жастардың балаларға тарихты оқыту мен туған өлкені түлету, биоотын шығару мен қазақы салт-дәстүрлерді айшықтайтын дүниелерді қазіргі заман талабына орай жасау жөніндегі жобалары да көптің көңілінен шықты.
Жәрмеңке соңында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жандос Базартай шынайылық әрі жаңашылдық дәрежесі жоғары, тәжірибелік маңызы үлкен жобаларды жасаған бір топ жаңашыл жастарға арнайы сертификаттарды табыс етті.
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІГІ ИННОВАЦИЯ ҰЙЫТҚЫСЫ

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІГІ ИННОВАЦИЯ ҰЙЫТҚЫСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміз экономикасының...
ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісінің деңгейін жетілдіру, шығармашылықпен...
КҮРІШ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

КҮРІШ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Кеше облыстық «Алтын күз-2013» іс-шарасының соңында Қорқыт ата атындағы мемлекеттік...
АЗАМАТТЫҚ ФОРУМҒА ДАЙЫНДЫҚ

АЗАМАТТЫҚ ФОРУМҒА ДАЙЫНДЫҚ

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы»...
ҒАЛЫМДАР ПІКІР АЛМАСТЫ

ҒАЛЫМДАР ПІКІР АЛМАСТЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде индустриалды-иновациялық ...
ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

Қазір Қазақстан жаһандық сауда-экономикалық кеңістіктегі өркениетті елдер санасатын...
Пікір: