МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖОЛЫНДА

ҚОҒАМ | 22 октябрь 2013 ж. - 14:40 | Көрудің саны: 421
– «Нұр Отан» съезінде сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болғаным үшін тағдырыма ризамын! Мен қасиетті Сыр топырағынан, кешегі Қазақ хандығның ордасы болған Сығанақ қаласының орнына қоныстанған Сунақата ауылынан келдім. Тәуелсіздік алған жылдары бүкіл халық қиындық көрді. Солардың бірі – мен де жұмыссыз қалған кезімде Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, менің түсіме еніп, қолымды алып, жағдайымды сұрағаныңыз әлі есімде. Барлық нәрсені жақсыға балайтын қазақпыз ғой. Артынша елдің жағдайы түзелді. Өзім ауыл әкімі болып тағайындалдым. Содан бері 20 жыл уақыт өтті. Қазір қуансақ та, қиналсақ та аузымызға Алла тағаланың шапағаты, ел мен Елбасының амандығы, халықтың бірлігі түседі.
«Қазақстан – 2050» стратегиясына сәйкес биыл ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Олардың құзыреттері күшейді. Бізге қаржы дербестігімен қатар, мамандар берілді. Ауыл әкімдері халықтың, Елбасының сенімін ақтап, елге сапалы мемлекеттік қызмет көрсетеміз және бөлінген қаржыны өз орнына тиімді пайдаланамыз деп сендіремін.
Әзия ҚЫСТАУБАЕВА,
Сунақата ауылдық округінің әкімі.

Жаңақорған ауданы.

Сондай-ақ... оқыңыз:

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ҚҰЖАТ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ҚҰЖАТ

Астанада өткен "Нұр Отан” партиясы ХV съезінде қабылданған доктринаны партияның...
МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖОЛЫНДА

МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖОЛЫНДА

– «Нұр Отан» съезінде сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болғаным үшін тағдырыма ризамын!...
«НҰР ОТАН»  ХДП ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

«НҰР ОТАН» ХДП ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

Өткен аптаның жұма күні Студенттер сарайында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының...
ДЕПУТАТ БЕЛСЕНДІЛІГІ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ДЕПУТАТ БЕЛСЕНДІЛІГІ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Қоғам дамуында мәслихаттың жауапкершілігі артып, орны нығайып келеді. Елдегі...
ЕСКІ ШЕЖІРЕ ЗЕРТТЕЛІП, ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

ЕСКІ ШЕЖІРЕ ЗЕРТТЕЛІП, ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Аптаның жексенбісі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев іссапармен Жаңақорған ауданын...
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАРЫМДЫ БЕТБҰРЫС

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАРЫМДЫ БЕТБҰРЫС

Орталық алаңда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ветеринариялық ұйымдар мен пункттерге...
Пікір: