ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ҚҰЖАТ

ҚОҒАМ | 22 октябрь 2013 ж. - 14:42 | Көрудің саны: 553
Астанада өткен "Нұр Отан” партиясы ХV съезінде қабылданған доктринаны партияның болашақтағы даму жоспары деп айтуға болады. Құжат еліміздің алдағы дамуының басты темірқазығы саналатын «Қазақстан–2050» стратегиясымен үндесіп жатыр.
Келелі кеңесте сөз сөйлеген Мемлекет басшысы съездің еліміз үшін маңызын, оның тарихымыздағы бетбұрысты кезеңде өтіп отырғанын атап өтті. Бүгінгідей 2050 жылға дейінгі стратегияда жарияланған жаңа ұлы мақсаттарға қарай сенімді қадам басқан кезеңде "Нұр Отан” партиясы доктринасының қабылдануы партияның орнын, салмағын айқындады.
Елбасының "Менің саяси түйсік-интуициям мен тәжірибем әлем дамуының жақын кезеңінің төтенше күрделі болатындығын сездіреді. Бұл жағдайларда барша қазақстандықтардың Отанымыздағы тұрақтылықты және орнықты дамуды қадірлеуі, аялап сақтауы қажет болады, деген сөзі баршамыздың жадымызда жатталуы тиіс. Өйткені тұрақтылық орнаған жерде ғана даму болады.
Қабылданған доктринаның ерекшелігі – оның өзегінде өзімізге етене жақын, ұлттық құндылықтардың болуы дер едім. Біз бен сіз өмір сүріп жатқан қоғамда технологиялық ілгерілеушіліктің рухани құндылықтарды ысырып жатқаны жасырын емес. Құжатта "Жаһандану дәуірінде өзінің тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алады” деп көрсетілген. Ұрпақтар сабақтастығын, сан ғасырлардан бері үлкенге құрметті, кішіге ізетті бойға сіңірген отбасы құндылығын насихаттаудың маңызы зор.
Жаңа дәуір экономиканың негізгі тіні етіп ғылым мен инновацияны, тиімділігі жоғары, қуат үнемдейтін әрі экологиялық жағынан таза технологияларды белгілеп берді. Сондай-ақ, табиғат ресурстарын пайдалануда үнемділік пен экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселесі назардан тыс қалмаған. Экологияны қалпына келтіру бойынша «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС ластаушы заттар шығарылуының салыстырмалы көлемін жыл сайын азайтып келеді. Қолданылып отырған кешенді тәсіл облыстың экожүйесін қолдауға мүмкіндік береді.
Медет КӘРІМ,
"ҚазГерМұнай БК” ЖШС бас директоры, облыстық мәслихат депутаты, съезд делегаты.

Сондай-ақ... оқыңыз:

«НҰР ОТАН» – НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА

«НҰР ОТАН» – НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА

Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен...
«НҰР ОТАН»  ХДП ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

«НҰР ОТАН» ХДП ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

Өткен аптаның жұма күні Студенттер сарайында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының...
«НҰР ОТАННЫҢ» ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«НҰР ОТАННЫҢ» ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жуырда Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда...
ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІРДЕ ӨМІРШЕҢ ІСТЕР МОЛ

ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІРДЕ ӨМІРШЕҢ ІСТЕР МОЛ

Жексенбі күні облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының...
«НҰР ОТАН» – ЕЛМЕН ЕТЕНЕ, ӘЛЕУМЕТПЕН ӘРІПТЕС

«НҰР ОТАН» – ЕЛМЕН ЕТЕНЕ, ӘЛЕУМЕТПЕН ӘРІПТЕС

филиал туралы мәлімет   Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан»...
ПАРТИЯ ЖАҢА БЕЛЕСТЕ

ПАРТИЯ ЖАҢА БЕЛЕСТЕ

Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен...
Пікір: