ҚЫЗЫМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ АЛАҢДАТАДЫ

ҚОҒАМ | 02 ноябрь 2013 ж. - 00:19 | Көрудің саны: 384
Менің осы мақаланы жазуыма Отбасы күніне орай Қызылорда телеарнасынан жүргізілген хабар себепші болды. Отбасы, оның беріктігі мен бекемдігі жайында әңгіме қозғалып, әркім өзіндік пікірлерін білдіріп жатты. Сонда студияда отырған бір кісі: «Қазіргі аналар 3, әрі кетсе 5 баламен шектеледі. Әйтпесе, көпбалалы аналарға бізде барлық жағдай жасалған»  деп қарап отыр. Ол сенімді айтты. Оны естіп отырып мен таңғалдым.
Себебі, менің Шиелі кентінде тұратын 36 жасар қызым Гүлнәрдің  8 баласы бар. Өзі де, күйеу балам да жұмыссыз, қолдарында 85-ке келген, адам қолына қарап қалған қарт кісісі бар. Бес баласы мектеп жасында. Олардың мектеп формасын, өзге киімдерін, кітабын, оқу құралдарын, бәрін де өздері сатып алады. Күйеу баламның әпкесі берген ескі «Нива» машинасы бар. Қырсыққанда оны такси ретінде пайдалануға рұқсат берілмеген. Кәсіпкерлікпен айналысуға еш мүмкіндігі жоқ, оған көптің алып жатқан несиесі де бұйырмады. Қызым Үкіметтің көп балалыларға беретін  Күміс және Алтын алқасын мойнына таққанына мәз, отбасымен тойып тамақ ішуді ұмытқаны қашан. Олардың тұрмыс-тіршілігін жүрегіммен сезініп, жаным ашиды. Алайда, менің де бөліп беретін ештеңем жоқ.
Жалпы, хабарда көп мәселелер жалпылама айтылды. Сонда ол кісінің көпбалалы аналардың жағдайын білмейтіні ме? Әйтпесе, өңірде менің қызым секілді күй кешіп жүрген көпбалалы аналар аз емесі анық. Тілегім, осындай жандарға мемлекет тарапынан нақты көмек берілсе, қанеки!
Болат ҰЛЫҚПАНОВ,
зейнеткер.
Қазалы ауданы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ТУЫСЫМДЫ КӨРСЕМ ДЕЙМІН

ТУЫСЫМДЫ КӨРСЕМ ДЕЙМІН

Жасың ұлғайған шағыңда туған-туысыңды, жора-жолдасыңды есіңе жиі алады екенсің. ...
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРҒАНДАР

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРҒАНДАР

Бейсенбі күні Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында...
КӘСІПКЕРЛЕР ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Республикалық деңгейде жүргізілген «Мектепке жол» акциясы аясына Қызылорда...
ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА

Ардагерлердің үш күнге созылған республикалық семинар-кеңесі өз жұмысын сәтті...
ҚҰРБАН АЙТ – ҚАДІРЛІ МЕРЕКЕ

ҚҰРБАН АЙТ – ҚАДІРЛІ МЕРЕКЕ

Облыс әкімшілігінің баспасөз орталығында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас...
АКАДЕМИКПЕН КЕЗДЕСУ

АКАДЕМИКПЕН КЕЗДЕСУ

Тағдыр маған осы бір қазақтың біртуар азаматы, ғұлама ғалым, қоғам, мемлекет...
Пікір: