КӨШЕМІЗДЕ КӨЛІК ҚАПТАДЫ

ҚОҒАМ | 02 ноябрь 2013 ж. - 00:20 | Көрудің саны: 267
Айтса айтқандай, Жалағаш кентіндегі Н.Мырзалиев көшесі және оның тұрғындарының тағдыры қыл үстінде. Олай дейтінім, көше аудан тұсынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күре жолына қажетті өнімдерді тасып жатқан алыс шет елдердің ауыр салмақты әрі тіркемелі жүк көліктерінің дәлізіне айналды. Бұдан елу жыл бұрын салынған коммуналдық каркас үйлердің қабырғалары үздіксіз жүрген көліктердің ауырлығынан дірілдеп, тұрғындардың зәрелерін зәр түбіне жібереді. Сондай-ақ, мұндай ауырлыққа есептелмеген  асфальт жолдың талқаны шықты. Жол деңгейінің төмен түсуі, 80-100 тонналық көліктердің оған түсіп кетуі жарылғандай әсер етеді. Таяуда ғана жүргізілген су құбыры да сыр берді. Бәрін қойшы, балалар мен қарт кісілердің жүріп-тұруы қиындап кетті. Баласы мектептен, қарт әке-шешесі барған жерінен оралғанша мұндағы тұрғындардың жаны шүберекке түюлі, көңілдері алаңдаулы тұрады. Көше комитетінің төрағасы ретінде кент әкімі Қ.Құлмахановқа осы жайларды ескерткенімде, «сол жол толық біткенше көліктер сол көшемен жүре береді» деп қарап отыр. Сонда басшыларды көше тұрғындарының жай-күйі, қауіпсіздігі еш алаңдатпағаны ма?
Сайып келгенде, ауыр жүк көліктері  салынып жатқан логистикалық магистральдың бойындағы жанама жолмен елді мекенге соқпай өтуі тиіс. Бұл — халықаралық жол салудағы қағидалардың басты шарты, бұған арнайы қаржы да қарастырылған. Сонымен қатар, бұзылған жолды жөндеп, көліктердің қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету жол салушы мердігерлік мекемелердің міндеті саналады. Тек оған жергілікті әкімшіліктердің қатаң бақылауы мен табанды талабы қажет. 
Рысбай КӘРІМОВ,
еңбек ардагері.
Жалағаш ауданының құрметті азаматы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

КҮРЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

КҮРЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Сәрсенбі күні «Қазавтожол» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында басқосу...
ШИЕЛІНІҢ  ШЫРАЙЫ

ШИЕЛІНІҢ ШЫРАЙЫ

Шиелі ауданында елді мекендерді көркейту-көгалдандыру және тазалық сақтау мәселесіне...
ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

Санаулы күндерден кейін жылу беру маусымы да басталады. Оған біздің әзірлігіміз...
ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

Кеше облыстық мәслихаттың мәжіліс залында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың...
КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа...
ҚАЛА НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

ҚАЛА НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

16 қыркүйек күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласы аумағындағы...
Пікір: