АЛЫСҚА БАРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ШАМАЛЫ

Жас келген соң тұла бойыңда әртүрлі сырқат белгілері бас көтеріп, мазаңды алады екен. Соңғы екі-үш жыл көлемінде көзім кіреукеленіп, алыстағыны ажырата алмайтын халге жеттім. Әркім әртүрлі кеңес берді. Бірі Орынбор, енді бірі Алматыға барған жөн дейді. Мен тәуекел етіп облыстық медицина орталығындағы көз аурулары бөлімшесіне  келдім. Онда мені жіті тексеріп, кешіктірмей ота жасауды ұсынды. Ота сәтті өтті, бір жетіде үйге қайтарды. Жалғыз мен емес көрмей келген   көзі шырақтай жанғандар қатары  мол. Мәселен, Шіркейлі ауылынан келген 85 жастағы Әнуар ақсақал, Арал қаласынан келген Бағибад әже, жаңақорғандық Бақытжан Сейдеметов, қызылордалық Көптілеу Бәйменов, Зерхан Нұрылдаева сынды науқастар түрлі көз ауруларынан арылып, отбастарын қуантып жатты. Екі көзінен бірдей қалған Н.Шанжарханов отадан кейін табан жолын көретіндей халге келгенін қуана жеткізді.  
Бөлімше меңгерушісі Сәкен Шілманов та, дәрігер Ислам Садықов та, аяжандар мен өзге қызметкерлер де емделушілерге  мінсіз қызмет көрсетуге ұмтылады екен. Біз оларға шынайы алғысымызды білдіре отырып, көпшілікке көз емі үшін алысқа барудың қажеттігі шамалы екенін айтқымыз келеді.
Мұхамбетқали МҰХАМБЕТЖАНОВ,
тыл ардагері.
Тасбөгет кенті.

ҚОҒАМ 02 қараша 2013 г. 387 0