ҚАЛА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ТОЛЫҚ КІРІСТІ

ҚОҒАМ | 05 ноябрь 2013 ж. - 09:38 | Көрудің саны: 391
Бейсенбі күні баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Мұрат Тілеуімбетов БАҚ өкілдеріне облыс орталығындағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жайлы айтып берді. 
Оның айтуынша, маусымға дайындық жұмыстарына бюджеттен 915 млн. теңге қаралған. Сонымен қатар, республикалық және облыстық бюджеттен 291 млн. теңге бөлініп, 1680 метр магистральдық жылу трассасы қайта жаңғыртылды, 3 жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Жылу орталығындағы тозығы жеткен №3 турбогенераторды ауыстыру үшін жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемсараптамадан өткізуге облыс бюджетінен 13 млн. қаралды. Жылу жүйелеріндегі температуралық, гидравликалық режимдерді үздіксіз, бірқалыпты ұстап тұруға арналған 11 дербес қазандық жылу маусымына толықтай әзір.
Жылу орталығындағы химиялық су тазалау цехының да тозығы жетіп тұр. Жарты ғасырдан астам жұмыс істеп тұрған цехты жаңарту кәсіпорын есебінен жүргізілді.  Сондай-ақ, өңдірілген жылу энергиясын тұтынушыларға шығынсыз жеткізіп беру және энергияны үнемдеу мақсатында 1257 метр жылу құбырларына қаптама (изоляция) жасалды. 
Жылу беру орталықтары қала бойынша 733 әлеуметтік нысанды жылумен қамтып отыр. Маусым кезінде 110 әлеуметтік сала нысанын қажетті отынмен қамтамасыз етуге бюджеттен 254 млн. бөлінді. 
Жалпы жылу маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыруда өткен маусымда түскен арыз-шағымдарға талдау жүргізіліп, бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің тізімі жасалды. Кәсіпкерлер мен құрылыс компаниялардың көмегімен тізімдегі 80 тұрғын үй өжірелерінің тозығы жеткен инженерлік жүйелері жөнделді. Оларға бірер күнде жылу берілетін болады. 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Қала әкімі жылу жүйесінің жұмысымен танысты

Қала әкімі жылу жүйесінің жұмысымен танысты

Қызылорда. Облыс орталығында жылу беру мекемелері барлық нысандарын жылумен толықтай...
МАУСЫМҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

МАУСЫМҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

Алдағы жылу маусымына «Қызылордажылуэлектрорталығы» коммуналдық кәсіпорны бірқатар...
ШИЕЛІНІҢ  ШЫРАЙЫ

ШИЕЛІНІҢ ШЫРАЙЫ

Шиелі ауданында елді мекендерді көркейту-көгалдандыру және тазалық сақтау мәселесіне...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР НӘТИЖЕСІ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР НӘТИЖЕСІ

Елбасының ұдайы атап көрсетіп жүргеніндей, қазіргі таңда экономиканың барлық...
ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

Сейсенбіде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет...
ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

Санаулы күндерден кейін жылу беру маусымы да басталады. Оған біздің әзірлігіміз...
Пікір: