ЖАРТЫ ҒАСЫР СЫРЛАСЫМ

ҚОҒАМ | 07 ноябрь 2013 ж. - 09:19 | Көрудің саны: 365
Қарты бар елдің – қазынасы бар. Ескіден жеткен есті сөз осылайша толғанады. Мұның астарында елдің ауызбіршілігіне, ынтымақ-берекесіне қадірменді қариялардың қосқан үлесі жатыр деп есептеймін. «Дұрыс қартая білу де ұлылық» депті шығыс ойшылы. Осы тұрғыда ауданда есімі ілтипатпен аталатын ардагерлеріміздің саны аз еместігі жан жадыратады. Тарихын тереңнен тартқан, Ұлы  Жібек жолының бойында орналасқан Қазалы ауданы жыл санап көркейіп келеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсуінде, сан саласында ілгерілеушілік байқалады. Бұл, әрине, өте қуанышты жайт. Сонымен қатар ел ағаларына зор жауапкершілік те жүктейді. Бүгінгі таңда газет-журнал оқымайтын, ғаламтор желісіне енбейтін адам некен-саяқ. Алайда, әрбір басылымның өзіндік оқырманы болуы заңдылық. Мен үшін де, замандастарыма да «Сыр бойы» газетінің қадір-қасиеті жоғары. Мені газеттің әр санында саяси-қоғамдық өмірмен қатар, адам факторының басты назарда болуы қатты қуантады. Әсіресе, аймақта жүзеге асырылып жатқан экономикалық-әлеуметтік мәселелерді  халыққа жете танытуда. Тарихи-танымдық тақырыптарға да жиі орын беріледі. Жасыратыны жоқ, соңғы кезеңде жастарымыздың түрлі секталардың ырқында кетуі бізді де алаңдатады. Сондықтан, осы бағытта ақиқатты ашып көрсететін материалдар қажет-ақ. 
Өмірдің сан өткелінен өткен аға буын өкілі ретінде менің «Сыр бойының» шығармашылық ұжымына айтар өтінішім бар. Газет бетінде имандылыққа тәрбиелейтін, отансүйгіштікке баулитын мақалаларды, тарихи-танымдық әңгімелерді жиі жарияласаңыздар екен. Бұл сайын даласын қаһармандықпен қорғаған бабаларымыздың жанқиярлық  ерлігін өскелең өрендердің санасына сіңіруге жасалған қадам болары даусыз. 
Оразғали БЕКБАНОВ,
Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазалы ауданының «Құрметті азаматы».


Сондай-ақ... оқыңыз:

КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС

КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС

Өткен жұма күні Әйтеке би кентінде «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты»...
«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІ ЖАҢАША КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІ ЖАҢАША КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгінгі күннің бедерінде баспасөз саласына жүктелетін міндет ауқымы кең. Оқырман...
Қазалының берекелі күзі

Қазалының берекелі күзі

Биылғы жыл қазалылық диқандарға бөтен болған жоқ. Басты дақыл күріштің әр гектарынан...
ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА

Ардагерлердің үш күнге созылған республикалық семинар-кеңесі өз жұмысын сәтті...
БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНДАРЫ

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНДАРЫ

Білім негізі – бастауыштан. Ендеше балабақша қызметкерлерінің білім саласындағы алар...
ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

«Сыр бойы» газетінің 2013 жылдың 24 қыркүйегінде аталмыш басылымның Арал, Қазалы...
Пікір: