ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ НАРЫҚ

ҚОҒАМ | 12 ноябрь 2013 ж. - 12:03 | Көрудің саны: 519
Баға құрылыс мекемелеріндегі шарауашылықта басты рөл ойнайды. Сондықтан олар жиі өзгеріске ұшарамауы керек. Кешегі "өтпелі кезең” деп айдар таққан қиын-қыстау жылдарда баға құрылыс өнімінің шынайы құнынан ұшып, тым шарықтап кетті. Ал, олардың табиғи өсуі инфляцияны өршітті және өндірістің тиімділігін төмендетуге әкеліп соқты. Қазір әртүрлі өнім, өндіріс және материалдар бағаларының өсуі әр тоқсан сайын индексацияны болдырады. Сонымен қатар, елдің әр аймағында индекстер өздерінің ерекше белгілеріне ие. Құрылыс мекемелерінің көбісі өндірілетін өнімге баға қою құқығын пайдаланбайды. Ол аймақтық басқару органдарымен 1991 жылы басылып шығарылған сметалық құнның қайта есептеу коэффициенті бекітілген құралмен анықталады. 
1990 жылдардың ортасында шаруашылық байланыстың бұзылуының нәтижесінде құрылыстағы бағаның өзгеруі қалыптасты. Бұған инвесторлардың қаржы мүмкіншіліктерінің қысқаруы да әсер етті. 
Баға факторы – тұрғын үй нарығындағы даму тиімділігінің негізгі өлшемі болып табылады. Баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты жинақталады. Екінші кезең, Қазақстандағы тұрғын үй нарығының тұрғын үй бағасының тиімді өсімімен қатар жүрді. Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бағасы соңғы жылдары соншалықты жоғары болып, тіпті шетелдік үйлердің (Канада, Чехия, Испания, АҚШ) баға ұсынысын да басып озды.  
Бұл үрдістер абсолютті спекулятивті (алыпсатарлық) факторлармен қатар жүрді. Тұрғындардың көпшілігі тұрғын үйлерді қайта сату мақсатында сатып алып жатты. Соңғы жылдары тұрғындардың көп қаражаттары тұрғын үй мүлік объектілерінде финансты құралға салым ретінде қолданысқа ие болды. Тұрғын үй алуға арналған ипотекалық несиелердің көпшілігі адамдарды ипотека алуға итермеледі. Адамдар тұрғын үй бағасының тұрақты өсуіне сенім артты, соңғы 3 жылда қатты өсіп кетті. 
Нақты кезеңде ел тұрғындарының басым бөлігі тұрғын үйді мемлекеттік "Тұрғынүйжинаққұрылыс банкі” арқылы сатып алуды жөн санайды. Чехияда ел тұрғындарының  60%-ы, ал Германияда 55% отбасы баспананы мемлекеттік тұрғын үй банкі арқылы алады екен.
Құрылыс материалдар нарығындағы бағалардың қозғалысы өнімнің отандық өндіруші және импортталатын аналогтардың динамикасына байланысты болады. Республикадағы құрылыс активтілігі көптеген құрлыс материалдарының өндіріс көлемі өсуіне әкелді. Қазіргі уақыттағы инвестициялық материалдардың ішкі нарығында орта есеппен өзіндік өндірістің есебінде қамтамасыз етіледі. Жетіспегендері басқа елдерден әкелінеді. 
Қамар БЕКЕТОВА,
ҚМУ-дың аға оқытушысы, экономика ғылымдарынын кандидаты. 


Сондай-ақ... оқыңыз:

АРАЛДА АЯҚТАЛМАҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР НЕГЕ КӨП?

АРАЛДА АЯҚТАЛМАҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР НЕГЕ КӨП?

Бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаевтің төрағалығымен облыстық...
Қала әкімі жылу жүйесінің жұмысымен танысты

Қала әкімі жылу жүйесінің жұмысымен танысты

Қызылорда. Облыс орталығында жылу беру мекемелері барлық нысандарын жылумен толықтай...
БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық Үкімет отырысында...
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев...
СЫР САҚШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ

СЫР САҚШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ

Қызылордалық полиция қызметкерлері «Учаске» алдын алу шарасы кезінде тұрғын үйлерді...
ЖАСӨСПІРІМДЕР  БАСПАНАЛЫ  БОЛУҒА  ҚҰҚЫЛЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Аптаның бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарованың жетекшілік...
Пікір: