ЖИТС-ҚА ҚАРСЫ КҮРЕС НАУҚАНЫ

ҚОҒАМ | 16 ноябрь 2013 ж. - 11:11 | Көрудің саны: 460
Ағымдағы жылдың 11 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығы республика көлемінде Дүниежүзілік ЖИТС-қа (Вич) қарсы күрес кампаниясы болып жарияланды. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бағдарламасына сәйкес 2013 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес компаниясының тақырыбы «Мақсатты бағытымыз  – нөл. Жаңа АИТВ-инфекциясы – нөл. Кемсіту – нөл. ЖИТС зардаптарынан болатын өлім-жітім – нөл» болып белгіленді.
Қазақстан республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты жұртшылықтың және АИТВ/ЖИТС мәселелеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар саяси, қоғамдық, діни, тағы басқа ұйымдар басшыларының назарын аудару, елімізде АИТВ инфекциясы бойынша жағдайды жақсарту үшін күш жұмылдыру,  жастардың, көпшіліктің АИТВ мен ЖИТС-тың пайда болу себебі мен оның алдын алу мәселелері жөніндегі ақпараттық деңгейін көтеру болып табылады. Осы орайда республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталықтары, өзге де медициналық ұйымдармен, оқу орындарымен бірлесе  тұрғындар арасында, атап айтқанда, жастар, жүкті әйелдер, ата-аналар мен педагогтарды және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатыстыра отырып түрлі шаралар өткізу жоспарлануда. 
Барлыбек БАТЫР.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ҒАСЫР ТАЖАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ – АДАМЗАТТЫҢ МІНДЕТІ

ҒАСЫР ТАЖАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ – АДАМЗАТТЫҢ МІНДЕТІ

Мемлекеттің басты байлығы – адам десек, дені сау адам ғана ел қазынасы, ұлт болашағы...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

«Бірінші байлық – денсаулық». Дана халқымыздың осынау ғибраты көп жайтты ұғындырады....
ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯЛАР ҚҰРУ ТУРАЛЫ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯЛАР ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Қазіргі уақытта Қазақстан қарқынды даму үстінде, бірқатар индустриалдық-инновациялық...
ТҰМАУ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

ТҰМАУ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Баспасөз клубында облыс бойынша санэпидқадағалау департаментінің ұйымдастыруымен...
Сыбайластықтың жолын кесу мақсатында

Сыбайластықтың жолын кесу мақсатында

Бүгінгі таңда Қазақстан ТМД елдері арасында жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған...
Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілуде

Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілуде

Қызылорда. Облыстық прокуратура органдары үстіміздегі жылдың 9 айында сыбайлас...
Пікір: