ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ

Қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дертті диабет деп атайды. Бұл аурумен жас та, орта жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе, жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де, бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті – көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады. Қант диабетінің негізгі белгілері ретінде үнемі сусап тұру (полидипсия), кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия), үнемі шаршаулы сезіну (полифагия), қол-аяқтың ұйып, жансыздануы, үнемі қарын аштығынан арылмау, салмақ азаюы саналады. Қант диабетінің екінші деңгейлі белгілері болып терінің қышуы, көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»), жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы, аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы, естен тану (қысылтаяң жағдайларда) саналады.
Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән. 40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дұрыс жолға қою және салауатты өмір салтын ұстану арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек. Бұл жағдайда дұрыс диета сақтаудың мәні зор.
Гүлбану САҒИДАТОВА,
І-санатты аймақ мейіркеш.

ҚОҒАМ 16 қараша 2013 г. 1 281 0