ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢАША СИПАТЫ

ҚОҒАМ | 23 ноябрь 2013 ж. - 22:43 | Көрудің саны: 391
Тәуелсіз Қазақстанның заңнамалық базасын дамыту стратегиялық жоспарлау негізінде пәрменді түрде іске асырылуда. Заман талабы мен уақыт сұранысына ие болған  Стратегиялық бағыттар  облысымыздың  әділет органдарына  жеке және заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсетуде жаңаша сипат берді. Елбасы Жарлығымен  бекітілген «Электрондық үкімет» қалыптастырудың  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда енгізілген электронды бағдарламалар,  Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылуы тұрғындарға  оңтайлы, әрі қысқа мерзімде сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған.
Жеке және заңды тұлғалар үшін  жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруда  сәйкестендірудің  ұлттық тізілімдерін жасау мен оны жүргізудің  тәртібін айқындайтын 2007 жылғы 12-қаңтардағы  «Сәйкестендіру нөмірлерінің  ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы заңының азаматтар үшін  тиімділігін айта кеткен жөн. Белгілі бір тұлғаға  қатысты мәліметтерді  тіркеудің бірыңғай жүйесіне  көшу, мемлекеттік  органдардың  ақпараттық дерекқорларында  мәліметтердің сақталуы және олардың  қайталануын болғызбаумен қатар,  сәйкестендіру нөмірлерінің  ұлттық тізілімдерімен қамтылған ақпараттық  жүйедегі мәліметтердің құпиялылығын сақтау да  осы  заңмен реттелген.
Елбасының  Жолдауында  атап көрсеткен он кешенді міндеттердің бірі – тұрғындарға тез әрі  сапалы мелекеттік қызмет көрсете отырып, мемлекеттік қызметке сенім артудың алғы  шарттарының бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қарастыру,  құжаттардың халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алынуын қамтамасыз ету. Атап айтар болсақ, әділет органдарының негізгі саласының бірі – азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша жыл басынан бері 15902 құжат  ХҚКО арқылы  қабылданған, Онлайн режимінде 3393 жұп неке қию туралы өтініш берсе,  260 азаматқа азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар электронды  өтініштердің негізінде берілген. Осы аралықта 5000-нан аса неке қию тіркелсе, тууды тіркеудің саны 15000-нан асты.
Халықтың табиғи қозғалысын тіркеуді  реттеуде олармен етене байланыс жасай  отырып, құқықтық көмек көрсетуде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген төрт тәжірибелі АХАТ қызметкер Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай І, ІІ, ІІІ дәрежелі заңгер төсбелгісімен, ал 2 қызметкер Әділет министрлігінің мақтау қағазымен марапатталды.
Тұңғыш Президентіміз айқындап берген стратегиялық бағыттарды жүзеге асыра отырып,  тәуелсіздігіміздің құндылығын қоғамда орнықтыру әрқайсысымыздың басты міндетіміз болып қала бермек.
Гүлдәрі ЕЛЕУСІЗОВА,
Әділет департаменті АХАТ және апостильдеу бөлімінің басшысы, 1-дәрежелі заңгер.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ОНЛАЙН – КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

ОНЛАЙН – КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығы...
«ӨТІНІШ ЖАЗ ДА, ТАЛОН АЛ»

«ӨТІНІШ ЖАЗ ДА, ТАЛОН АЛ»

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу...
ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ТОЛҚЫНЫН КҮТЕМІЗ

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ТОЛҚЫНЫН КҮТЕМІЗ

Тәуелсіз мемлекеттің көрінісі азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының заңмен...
Сыбайластықтың жолын кесу мақсатында

Сыбайластықтың жолын кесу мақсатында

Бүгінгі таңда Қазақстан ТМД елдері арасында жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ҚАНДАЙ?

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ҚАНДАЙ?

өткен мерзімде 4 мыңнан астам құжат кері қайтарылған «Халыққа қызмет көрсету...
ТӘРТІП ЖОҚ ЖЕРДЕ ТАЛАП ДӘРМЕНСІЗ

ТӘРТІП ЖОҚ ЖЕРДЕ ТАЛАП ДӘРМЕНСІЗ

Мемлекеттік қызмет мәселелеріндегі жаңа өзгерістер мен толықтырулар Елбасының 2011...
Пікір: