ТІРКЕУ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАДА АТҚАРЫЛАДЫ

Жуырда Шиелі, Жаңақорған аудандарында жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын алуға электрондық өтініштерді қабылдау және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері қаралған семинар болып өтті. Оны облыстық жылжымайтын мүлік орталығы РМҚК-ның ұйымдастырды. 
Жиында орталық басшысының орынбасары Бақытжан Нұршатаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы арттырылып, замана талабына сай, өтініштерді электронды нұсқада ұсыну және де оған мекемелер арқылы өз мерзімінде сапалы қызметтерді тиімді әрі жедел түрде көрсетуге көшу  жайын баяндады. Қызметтің автоматтандырылуы барынша тиімді болмақ. Осыған сәйкес тіркеу мен құқықтық көмек көрсету комитеті арқылы ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл тұрғындардың сенімін арттырумен бірге, уақыттан ұтуға және де жемқорлық көріністерінің болмауына ықпал етеді.
Семинарда аудандық мекеме басшылары Төребай Артықов пен Медетбек Тұрысбеков хабарлама жасап, өз қызмет орындарындағы ұйымдастыру жұмыстарының барысы жөнінде баяндады.  
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі, Жаңақорған аудандары. 

ҚОҒАМ 30 қараша 2013 г. 467 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031