«ХАЛҚЫМ, ЗАҢДЫ БІЛ!»

ҚОҒАМ | 30 ноябрь 2013 ж. - 12:14 | Көрудің саны: 422
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің басты Заңы Конституцияның кепілі ретінде азаматтардың конституциямен жария етілген құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша мән бере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындап берді.
Осы орайда, Қармақшы аудандық прокуратурасы азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған аудан тұрғындары арасында «Нұр Отан» партиясы және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен «Халқым, Заңды біл!» атты құқықтық акция өткізді.
Аудан прокурорының бастамасымен қадағалау аумағында орналасқан кент және 12 ауылдық округтер әкімдерінің және жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдерінің қатысуымен халықпен кездесулер өткізілді. Бірлескен кездесулер кестеге сәйкес Қуандария ауылдық округінен басталып, Жосалы кентінде аяқталды. Аталған акция барысында «Нұр Отан» партиясы, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен халық арасында заң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оңды нәтижеге қол жеткізілді.
Халықпен кездесу барысында азаматтар тарапынан өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойылып, құзырлы органдардың тарапынан қанағаттанарлық жауаптар берілді. Атап айтқанда, ауыл тұрғындары өтініштерінің көпшілігі негізінен жер қатынастарын реттеу, баспана, жұмыссыздық, шағын бизнес ашуға несие алу, тұрақты жұмыс табу тұрғысында болды. Аудан прокуроры Балтабай Сариев осынау сан сауалдарға түсіністікпен жауап беріп, кеңестерін айтты.
Акция аясында прокуратура қамқорлығындағы әлеуметтік тұрмысы төмен 6 отбасына көмек көрсетіліп, олар азық-түлікпен, ал бір жанұя  жылу маусымына қажетті көмірмен қамтамасыз етілді. 
А.Өмірзакова,
Қармақшы ауданы прокурорының көмекшісі.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ӨҢІРГЕ ӨРНЕК БЕРГЕН МЕРЕКЕ

ӨҢІРГЕ ӨРНЕК БЕРГЕН МЕРЕКЕ

Қалада Тұңғыш Президент күні мерекесі кең көлемде мерекеленуде. Атаулы күнді және...
Кәсіпкерлікті қорғауға арналған акция

Кәсіпкерлікті қорғауға арналған акция

Қызылорда. Бүгін, 8 қарашада, сағат 16.00-де облыстық прокуратурасының мәжіліс...
Кәсіпкерлерді қорғау акциясы өткізілді

Кәсіпкерлерді қорғау акциясы өткізілді

Сырдария. Ауданда «Шенеунік және кәсіпкер» тақырыбында іс-шарасы өткізілді. Акция...
«ЗАҢ» КЕРУЕНІ АУЫЛДЫ АРАЛАП ЖҮР

«ЗАҢ» КЕРУЕНІ АУЫЛДЫ АРАЛАП ЖҮР

«Халқым, заңды біл» аттас құқықтық акция аясында Жалағаш ауданының прокуроры Хадиша...
«Шенеунік және кәсіпкер» акциясы өткізілуде

«Шенеунік және кәсіпкер» акциясы өткізілуде

Қызылорда. Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен бүгінгі күндері «Шенеунік және...
Қылмыстың алдын алу жәйі талқыланды

Қылмыстың алдын алу жәйі талқыланды

Арал. Аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында «Аудан көлемінде 2013-жылдың...
Пікір: