СЫРДЫҢ ШЕЖІРЕСІНЕ ЫҚЫЛАС

ҚОҒАМ | 07 декабрь 2013 ж. - 09:38 | Көрудің саны: 371
«Сыр бойы» басылымы біздің жастық шағымыздың күнтізбесі. Бәрі есімде, басылымды ата-аналарымыз сабақтан келген бойда жата-жастанып оқып отыратын. Әкем Наят ұстаз болды, аталас ағайым Нұрділда Ерманов бірнеше шаруашылықта хатшы қызметін атқарып, баспасөздің жалынды насихатшысы болғанына куәгермін. Қазір зейнеткер, тоқсанға қарай бет бұрды, әлі байырғы басылым қолына тигенше шыдамсызданып, хат тасушылар келгенше тағат таппайды. Ықыласы мүлдем бөлек. Ал, өз отбасым бұл басылыммен қырық жыл бойы сырлас, арамыз үзілген емес.
Менің бүкіл тағдырым – баспасөздің қара шаңырағы атанған «Сыр бойымен» сабақтас. Өмірімнің қиын сәттерінде, мәслихатқа депутат болғанымда қалың оқырманға еңбек жолымның бірден-бір насихатшысы болғаны есімнен кетпейді.
Шындығын айту керек, бұл басылым қазіргі таңда салмақты ойдың бағдаршамы болып отыр. Мазмұны, көркемдігі жылма-жыл жаңара түсуде. Көтерілген мәселе көкейдегі ойдан дөп түседі. Басылым беттерінде мемлекет, қоғам қайраткері С.Шаухамановтың қазіргі идеология, жастар саясаты жөнінде қозғаған ойлары, танымал тұлғалар, жүз жасаған адамдар жайында тебіреністері қалың оқырманның ықыласына бөленді. Зейнеткерлер, баспасөздің белсенді авторлары А.Сопыбеков, Ш.Айбосынов, Қ.Шапшаңов, И.Жұмағұлов, М.Нәлібаев, Н.Салықов, С.Жұбатырұлы, тағы басқалардың терең мазмұнды дүниелері ертеңгі болашаққа деген сенімді одан әрі асқақтатып, әр жүректі шуаққа бөледі.
Қазір барлық жерде келер жылға баспасөзге жазылу қызу жүріп жатыр. Осынау сәттерде бәріміз сүйікті басылым «Сыр бойының» таралымын көбейте түсуге мұрындық болсақ, ұтылмаймыз. Біздің ұжым, менің он мыңға жуық сайлаушыларым осынау қызу сәттерде көш басынан көрінер деген үміттемін. Қазіргі ықылас соны серпілісті байқатады.
Шығармашылық ұжымға айтарым, алдағы уақытта қалың оқырманды шырайлы дүниелерімен сусындата беріңіздер! – деген ақжолтай тілегімді қабыл алыңыздар.
Нұрмұрат ЕРМАНОВ,
«Бабас» ЖШС-ның директоры, облыстық мәслихаттың депутаты.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЖАҚСЫ СӨЗ ЖАНҒА ДАУА

ЖАҚСЫ СӨЗ ЖАНҒА ДАУА

Біздің елімізде медицина саласында көптеген шаралар жүзеге асуда. Бұл ретте...
«ҮРКЕР» – ҰЛ-ҚЫЗЫҢЫЗДЫҢ ҮМІТІ

«ҮРКЕР» – ҰЛ-ҚЫЗЫҢЫЗДЫҢ ҮМІТІ

Осыдан бес жыл бұрын «Үркер» ашылғанда батасын берген Әбіш Кекілбай: «Үркер» – уақыт...
«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІ ЖАҢАША КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІ ЖАҢАША КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгінгі күннің бедерінде баспасөз саласына жүктелетін міндет ауқымы кең. Оқырман...
СЫР САРАБДАЛЫ АРАЛБАЙ

СЫР САРАБДАЛЫ АРАЛБАЙ

Бұл өмірден небір жайсаңдар өткені ойға оралады. Аз ғұмырында Ғани Мұратбаев шығыс...
ЖАҢА ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАМЫЗ ҚОСЫЛДЫ

ЖАҢА ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАМЫЗ ҚОСЫЛДЫ

Бүгінгі күннің бедерінде баспасөз саласына жүктелетін міндет ауқымы кең. Оқырман...
«АҚИҚАТ» ЖУРНАЛЫ – АЙТАРЫ БАР БАСЫЛЫМ

«АҚИҚАТ» ЖУРНАЛЫ – АЙТАРЫ БАР БАСЫЛЫМ

Егерде, қандай бір сөздің түп қияны, түбіріне үңілсек, оның арғы жағында...
Пікір: