ЕҢ СЕНІМДІ КЕПІЛДІК

Банк салымшылары салымға орналастырылған ақшаларынан айырылып қалу мүмкіндіктерінен қаншалықты сақталатынына көңіл бөледі. Оқырмандардың ең маңызды сауалдарына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мамандарын жауап беруді сұрадық.  
Ғаламторда келесідей ақпараттар көп: «Салым бойынша пайыз – жылдық 200%, кепілді, сенімді!». Әңгіме банк салымдары туралы айтылмаса да, бірақ жиі пайдаланатын сөздер: «салым», «депозит», «жинау». Шынында да мұндай жарнама әлдеқандай кепілдік бере ме?
Сауле Бисембаева
– Басқа қаржы құралдарының түрлеріне қарағанда, банктегі депозиттер қатерсіз болып табылады – банк салымының соңғы мерзімінде салымшы депозитке салынған бастапқы сомасын және шартпен қарастырылған депозит бойынша сыйақы сомасын кепілді түрде алады. Бұл жағдайда салымшы үшін тәуекел банкті мәжбүрлі түрде тарату жағдайында болады, бұл, әрине, сирек болатын жағдай, бірақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осы жағдайдағы жеке тұлғалардың барлық салымдарына кепілдік береді. 
Жарнамада басқа қаржы құралдары туралы – тәуекелді болатын және мемлекет тарапынан кепілдікке жатпайтын үлеспұлдық инвестициялық қорлар, акциялар және т.б., сонымен қатар қаржы пирамидасымен ұсынылатын сыйақы туралы айтылуы мүмкін. Соңғының қызметі заңмен қудаланады.   
Кепілдік беру жүйесіне қатысатын көптеген банктер салымға кепілдік беретін жүйенің қатысушысы болатынын үнемі қайталайды.  Егер банк осы ақпаратты белгілемесе, онда ол кепілдік ұсынбайтынын көрсете ме? 
Асхат Тугусов
– Жоқ, көрсетпейді.  Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Заңға сәйкес, депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар барлық қазақстандық банктер, тек ислам банктерінен басқа депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіруге міндетті. Яғни, осындай банктердегі жеке тұлғалар салымдарының барлық түрлері кепілдендірілген болып табылады. Демек, тұрғындардың депозиттеріне кепілдік беретін банк емес, ал коммерциялық емес ұйым – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екендігін айрықша баса айту қажет. Ұлттық Банк Қордың жалғыз акционері болып табылады.  
Салымның сақтандыру жүйесі қаншалықты сенімді және тұрақты?
Максим Селезнев
– Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейінде тұр. 2013 жылдың 1 қарашасына кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының арнайы резервмөлшері 231,2 млрд. теңгені құрайды.  
Қордың арнайы резервінің жетіспеушілігі пайда болған жағдайда, ҚР заңнамасымен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерінен қосымша жарналарын өндіріп алу немесе жетпей тұрған қаражатты Қазақстанның Ұлттық Банкінен қарызға алу есебінен осы жетіспеушілікті өтеуге шаралардың барлық түрлері қарастырылған. Бұдан басқа, мемлекет Қордың жалғыз акционері Қазақстанның Ұлттық Банкі атынан қажет болған жағдайда Қордың жарғылық капиталын толтыруы мүмкін. 2008 жылдың соңынан бастап, Қордың акционері арнайы дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында жыл сайын оның жарғылық капиталын 10% көбейтеді.       
Қайсысы жақсы – банк салымдарының мемлекеттік кепілдігі ме әлде жекеменшік кепілдігі ме?
Анжелика Увалиева
– Көп жағдайда белгілі бір мемлекеттің қаржы реттеуші органдары қаншалықты мықты екендігіне тәуелді.  Германия немесе Швейцария секілді көптеген еуропаның дамыған елдерінде қаржы реттеуіштер үлкен өкілеттікке ие, сондықтан банкте азаматтардың сақталған ақшаларына кепілдік беретін жекеменшік жүйесі айтарлықтай тиімді әрекет етеді. Алайда, халықаралық қаржы ұйымдарының ұсыныстарына сәйкес депозиттерге кепілдік беру жүйесі мемлекеттік болуы тиіс.   Шынында да, көптеген дамып келе жатқан елдердің даму және реттеу саласындағы белгілі бір жетіспеушіліктерге байланысты, қаржы нарығының тұрақтылығы төмен. Тиісінше, осындай елдерде мемлекеттік қаржыландыруға кең және ең жеңіл қол жеткізе алатын депозиттерге кепілдік беретін мемлекеттік жүйесі, жекеменшікке қарағанда тұрғындарда үлкен сенімділік тудырады. Сондықтан бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік беру мемлекеттік болып табылады. 
Банктегі барлық шоттарға кепілдік беріле ме?
Ботагоз Сауытбекова
– Иә, банк шотының және (немесе) банк салымының  шарттарымен куәландырылған  және кез келген банк шоттарында оның есептелмеген сыйақысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері теңге және шетел валютасында мәжбүрлі түрде таратылуы жағдайында қатысушы банкінің қайтару бойынша міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беру нысаны болып табылады. 
Сондықтан, Қор жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банктегі барлық депозиттеріне кепілдік береді – талап етуге дейінгі салымдарға, мерзімді және шартты депозиттерге, сонымен қатар ағымдағы және карт-шоттарға. 
Мария ИБРАЕВА.
P.S. Беттеме жасалып жатқан кезде, Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығы(ІADІ)  Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына ең беделді номинацияларының біреуін – «Депозиттерге кепілдік беру жүйесін жетілдірудегі жетістіктері үшін» жылдың ең үздік ұйымы деген атағын бергені туралы белгілі болды. ІADІ Қордың  келесідей жетістіктерін ерекше бағалады:бизнес-процестерді оптимизациялау және техникалық шешімдерді дамыту, дамыған риск-менеджмент жүйесі және стресс жағдайларындағы операцияларды жоспарлау, ілгері дамыған қорландыру жүйесі және т.б.

ҚОҒАМ 07 желтоксан 2013 г. 371 0