БАЙҚОҢЫРДЫҢ БОЛАШАҒЫ

Елбасы тапсырмасына сәйкес «Байқоңыр» ғарыш кешені «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесіне келетін меймандар мен қатысушылардың назарына ұсынылатын нысандардың қатарына қосылмақ. Бұл бастама қаланы дамытуға септігін тигізіп, әлемнің әр түкпірінен туристердің ғарыш айлағына ағылуына жол ашады. 
Бүгінгі таңда облыста Байқоңыр кешенін бірлесе пайдалану мен қаланы жаңа жағдайда дамытудың бірлескен «Жол картасы» жобасы әзірленді. Байқоңыр қаласында пайдаланылмай тұрған нысандар бірлескен инвестициялық алаңға айналып, жаңа өндіріс орындары қалыптасуы тиіс. Шаһарда өндірісті дамытуға барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, электр жүйесінің резервтік қуаты (72 МВт), дайын тұрғын үй-коммуналдық құрылымы мен әскерилерден босаған тұрғын үй қоры, дамыған көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ, бос өндірістік алаңдар бар. Байқоңыр қаласының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуымен қатар, экономикасын да дамыту қажет. Бұл құжаттың қабылдануы қаланың, сонымен бірге, іргедегі Төретам, Ақай кенттерінің қордаланған мәселелерін шешуге жол ашады. Бұл болашақ үшін маңызды. 
Қала болашақта облыс экономикасының қозғаушы күшіне айналатыны анық. Сонымен бірге келешек Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Ресейдің жоғары технологиялық компанияларымен бірлесе жұмыс істеу бағытында әріптестік орнату көзделген.


ҚОҒАМ 23 қыркүйек 2013 г. 1 247 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031