ЕРТЕҢІ НҰРЛЫ ЕЛІМНІҢ

Осыдан 22 жыл бұрын әлем картасында Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Тарих жылнамасындағы сан ғасырға бергісіз қас-қағым сәт қазақ халқын барша әлемге танытты, танытып қана қоймай әлем елдерінің бас қосқан алқалы жиынында айшықты ойы мен аталы сөз арқылы төрелік еткізді, ел еңсесін көтерді, рухын асқақтатты. Сондықтан да Тәуелсіздік күні  жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың,   болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі. 
Әрине, елді бір мақсат жолына ұйытқан бірлік, бүгінгі берекелі тірлік бір күнде орнай қалған жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлының жас мемлекетті соқтықпалы, соқпақты жолдан аман алып өтіп, өркениет көшіне қосқан еңбегі Тәуелсіздік жылнамасының алғашқы парағына жазылып қалды. 
Қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.   
Г.БАЙҒАБЫЛОВА, 
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы.

ҚОҒАМ 16 желтоксан 2013 г. 450 0